1. Қоса беріліп отырған «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 7 ақпандағы
№ 25-ө өкімімен
бекітілген
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан
Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексін іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Акт нысаны |
Жауапты мемлекеттік органдар |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділетмині |
2012 жылғы ақпан |
2. |
Ата-аналар алатын және кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін жалақы және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділетмині |
2012 жылғы ақпан |
3. |
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекiту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҒМ |
2012 жылғы ақпан |
4. |
Бала асырап алуға ниет білдiрген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҒМ |
2012 жылғы ақпан |
5. |
Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҒМ |
2012 жылғы ақпан |
6. |
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҒМ |
2012 жылғы ақпан |
7. |
Мемлекеттің қамқоршылық немесе қорғаншылық функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҒМ |
2012 жылғы ақпан |
8. |
Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағу үшін қамқоршылар мен қорғаншыларға жәрдемақы тағайындау қағидаларын және төлеу мөлшерін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҒМ |
2012 жылғы ақпан |
9. |
Қазақстан Республикасындағы патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҒМ |
2012 жылғы ақпан |
10. |
Патронаттық тәрбиешілерге берілген баланы күтіп-бағу үшін бөлінетін ақшалай қаражатты төлеуді жүзеге асыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҒМ |
2012 жылғы ақпан |
11. |
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және оның құрамын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҒМ |
2012 жылғы ақпан |
12. |
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуға ниет білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
СІМ |
2012 жылғы ақпан |
13. |
Адамның бала асырап алуға, оны қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа, патронаттыққа алуға болмайтын ауруларының тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ДСМ |
2012 жылғы ақпан |
14. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҒМ |
2012 жылғы ақпан |
15. |
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы |
Бұйрық |
Әділетмині |
2012 жылғы ақпан |
16. |
Асырап алынған балаларды консулдық есепке алу туралы есептерді және ақпаратты есепке алу қағидаларын бекіту туралы |
Бұйрық |
БҒМ |
2012 жылғы ақпан |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі