"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 25-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2012 жылғы 7 ақпандағы
№ 25-ө өкімімен   
бекітілген     

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан
Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексін іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Акт нысаны

Жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2012 жылғы ақпан

2.

Ата-аналар алатын және кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін жалақы және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2012 жылғы ақпан

3.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2012 жылғы ақпан

4.

Бала асырап алуға ниет білдiрген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2012 жылғы ақпан

5.

Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2012 жылғы ақпан

6.

Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2012 жылғы ақпан

7.

Мемлекеттің қамқоршылық немесе қорғаншылық функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2012 жылғы ақпан

8.

Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағу үшін қамқоршылар мен қорғаншыларға жәрдемақы тағайындау қағидаларын және төлеу мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2012 жылғы ақпан

9.

Қазақстан Республикасындағы патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2012 жылғы ақпан

10.

Патронаттық тәрбиешілерге берілген баланы күтіп-бағу үшін бөлінетін ақшалай қаражатты төлеуді жүзеге асыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2012 жылғы ақпан

11.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және оның құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2012 жылғы ақпан

12.

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуға ниет білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

СІМ

2012 жылғы ақпан

13.

Адамның бала асырап алуға, оны қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа, патронаттыққа алуға болмайтын ауруларының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ

2012 жылғы ақпан

14.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2012 жылғы ақпан

15.

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Бұйрық

Әділетмині

2012 жылғы ақпан

16.

Асырап алынған балаларды консулдық есепке алу туралы есептерді және ақпаратты есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2012 жылғы ақпан

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады