Қазақстан Республикасында жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Ахметов |
– |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші |
Отаров |
– |
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы, жетекшінің орынбасары |
Раймбеков |
– |
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары, хатшы |
Мұхамбетов |
– |
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Ескендіров |
– |
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі |
Дембай |
– |
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің жауапты хатшысы |
Ахметзакиров |
– |
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Әлеуметтік-экономика саласының заңдылығын қадағалау департаментінің бөлім бастығы (келісім бойынша) |
Қали |
– |
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Әлеуметтік-экономика саласының заңдылығын қадағалау департаменті бөлімінің аға прокуроры (келісім бойынша) |
Айтмұхаметов |
– |
Ақмола облысы әкімінің орынбасары |
Тағымов |
– |
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары |
Досымбеков |
– |
Алматы облысы әкімінің орынбасары |
Айдарбеков |
– |
Атырау облысы әкімінің орынбасары |
Шәпкенов |
– |
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Жолдасбаев |
– |
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары |
Әбілда |
– |
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары |
Жаханов |
– |
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары |
Паритов |
– |
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары |
Әлиев |
– |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Сапаров |
– |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары |
Әшімбетов |
– |
Павлодар облысы әкімінің орынбасары |
Кошелев |
– |
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Хорошун |
– |
Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары |
Долженков |
– |
Алматы қаласы әкімінің орынбасары |
Тюркин |
– |
Қостанай облысы жер қатынастары басқармасының бастығы |
2. Жұмыс тобы 2012 жылғы 19 наурызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Премьер-Министр К. Мәсімов