1. Қоса беріліп отырған «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 20 наурыздағы
№ 56-ө өкімімен
бекітілген
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» және «Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы заңдарын іске
асыру мақсатындақабылдануы қажет Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
р/с |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындалу мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы Жарлығына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Републикасы Президентінің Жарлығы |
ЭДСМ (жинақтау), Қаржымині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ |
2012 жылғы наурыз |
2. |
Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ (жинақтау), орталық мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ |
2012 жылғы наурыз |
3. |
Ұлттық әл-ауқат қоры немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйымдар іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және/немесе индустриялық-инновациялық жобаларды рентабелділігі төмендерге жатқызу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ (жинақтау), Қаржымині, ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ |
2012 жылғы наурыз |
4. |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімді мақұлдау туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ (жинақтау), Қаржымині, ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ |
2012 жылғы наурыз |
5. |
Ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Қорға тиесілі, оларға қатысты Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасы қолданылмайтын басқа да заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ (жинақтау), Қаржымині, ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ |
2012 жылғы наурыз |
6. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ (жинақтау), Қаржымині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ |
2012 жылғы наурыз |
7. |
Ұлттық әл-ауқат қорының даму жоспарының мазмұнына қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы |
ЭДСМ бұйрығы |
ЭДСМ (жинақтау), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ |
2012 жылғы наурыз |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі