Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы № 551-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 228-бапқа ескертудегі «кемiнде отыз бес процент» деген сөздер «елу пайыздан көп» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 307-баптың ескертулері 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар теңестіріледі.».

      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; №11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 41-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарға, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуіне, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруына және мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауына арналған, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тапсырыс мемлекеттік тапсырма болып табылады.
      Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарға, мемлекеттік тапсырманы орындауға бюджет қаражатын бөлу осы заңды тұлғалардың жарғылық капиталы ұлғайтылмай жүзеге асырылады.».

      3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат):

      1) 3-бапта:
      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар теңестіріледі.»;
      ескертудің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Заңда мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар болып көрсетілген ұйымдарда тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды атқаратын адамдар танылады.»;

      2) 8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік функцияларды орындауға, мемлекеттік лауазымдарға орналасуға не мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын орындауға үмiткер адамдар өздерiнiң мәртебесiн және соған негiзделген беделiн жеке, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында осы Заңмен және өзге де заңдармен белгiленген шектеулердi қабылдайды, бұл ретте аталған адамдар мұндай iс-әрекеттердiң құқықтық салдары туралы хабардар етiледi.»;

      3) 10-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті лауазымды және өзге де адамдарға және оларға теңестірілген адамдарға (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын, сондай-ақ осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында және осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге қызметпен айналысуға тыйым салынады.
      Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарда басқару функцияларын атқаратын адамдар Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін өзге ұйымдардың басқару органдарында, қадағалау кеңестерінде, атқарушы органдарында ақы төленетін лауазымдар атқаруға құқылы.»;

      4) 12-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мемлекеттік қызметке және мемлекеттік ұйымдарға және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарға, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, ұлттық даму институттарына, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларға қызметке тұратын және қызметін жоғарылататын кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық).».

      4. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат;):
      18-4-баптың 3-тармағында:
      екінші бөліктің үшінші абзацы «акцияларының» деген сөз «дауыс беретін акцияларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жанама тиесілілік табиғи монополия субъектілері акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында келесі ұйым арқылы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі екенін білдіреді.».

      5. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):

      1) 2-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Осы Заңның ережелері Ұлттық әл-ауқат қорына және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына және егер «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, ол бақылайтын өзге де заңды тұлғаларға қолданылады.»;

      2) 34-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастыруы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі қағидалары негізінде жүзеге асырылады.»;

      3) 36-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің жалғыз акционері құзыретінің ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді.»;

      4) 53-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің директорлар кеңесі құзыретінің ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді.»;

      5) 62-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) хабардарлық, ашықтық негізінде, қоғамның және оның акционерлерінің мүдделері үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, қоғамның жарғысы мен ішкі құжаттарына сәйкес әрекет етуге;».

      6. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат;):
      77-баптың 7-тармағының 3) тармақшасындағы «акцияларының» деген сөз «дауыс беретін акцияларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

      7. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 166-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастыруы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі қағидалары негізінде жүзеге асырылады.»;

      2) 184-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарлары жобаларының Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында баяндалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көрсетілген бюджет параметрлеріне сәйкестігі бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компаниялар қызметінің нәтижелерін тыңдауды акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган жыл сайынғы негізде жүзеге асырады.
      Акционерлері ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер болып табылатын ұлттық компаниялар қызметінің нәтижелерін тыңдауды ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің директорлар кеңесі жыл сайынғы негізде жүзеге асырады.
      Акционері Ұлттық әл-ауқат қоры болып табылатын ұлттық компанияларды қоспағанда, ұлттық компаниялардың қызметін тыңдау нәтижелері туралы есеп осы тармаққа сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға табыс етіледі.»;

      3) 198-баптың 7-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді қоса алғанда, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар, оның ішінде Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;».

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады