«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 49-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
23. |
Жұмыс істемей тұрған мемлекеттік авариялық кеніштер мен көмір кәсіпорындарының тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ |
2013 жылғы желтоқсан |
».
Премьер-Министр К. Мәсімов