1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық және нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi (бұдан әрi – тiзбе) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары тiзбеде белгiленген мерзімдерге сәйкес:
1) нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн;
2) тиiстi ведомстволық құқықтық және нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етсiн.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2012 жылғы 9 маусымдағы
№ 115-ө өкiмiмен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2012 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық және нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.09.14 № 172-ө Өкімімен.
Р/с № |
Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы |
Акт нысаны |
Жауапты мемлекеттiк органдар |
Орындау мерзiмi |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ІІМ |
2012 жылғы желтоқсан |
2 |
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭҚСЖҚКА (келісім бойынша) |
2012 жылғы маусым |
3 |
«Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ККМ |
2012 жылғы маусым |
4 |
«Техникалық байқау орталықтарының тізілімін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 524 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ККМ |
2012 жылғы маусым |
5 |
«Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ККМ |
2012 жылғы маусым |
6 |
Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ККМ |
2012 жылғы маусым |
7 |
Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына өздерінің ведомстволық желілерінің қосылуын қамтамасыз етуге міндетті жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ККМ |
2012 жылғы қыркүйек |
8 |
Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар әзірлейтін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) |
2012 жылғы маусым |
9 |
«Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Бұйрық |
ККМ |
2012 жылғы маусым |
10 |
Аймақтарға бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы |
Бұйрық |
Әділетмині |
2012 жылғы маусым |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ЭҚСЖҚКА – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)