ИКАО аудитінің ескертулерін жою және Еуропалық Одақ елдеріне қазақстандық авиакомпаниялардың ұшуларына қойылған шектеулерді алып тастау мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Ахметов |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші; |
Жұмағалиев |
- |
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі, жетекшінің орынбасары; |
Бектұров |
- |
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі, хатшы; |
Жәмішев |
- |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрi; |
Баймолдина |
- |
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрінің орынбасары; |
Волков |
- |
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі; |
Нұрымбетов |
- |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрі; |
Ескендіров |
- |
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі; |
Орманбетов |
- |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы; |
Байменов |
- |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы (келісім бойынша). |
2. Жұмыс тобы 2012 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде ИКАО аудитінің ескертулерін жою және Еуроодақ елдеріне қазақстандық авиакомпаниялардың ұшуларына қойылған шектеулерді алып тастау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары С.Н. Ахметовке жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов