ИКАО аудитінің ескертулерін жою және Еуропалық Одақ елдеріне қазақстандық авиакомпаниялардың ұшуларына қойылған шектеулерді алып тастау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2012 жылғы 14 тамыздағы № 150-ө Өкiмi

      ИКАО аудитінің ескертулерін жою және Еуропалық Одақ елдеріне қазақстандық авиакомпаниялардың ұшуларына қойылған шектеулерді алып тастау мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Ахметов
Серік Нығметұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші;

Жұмағалиев
Асқар Қуанышұлы

-

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі, жетекшінің орынбасары;

Бектұров
Азат Ғаббасұлы

-

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі, хатшы;

Жәмішев
Болат Бидахметұлы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы министрi;

Баймолдина
Зәуреш Хамитқызы

-

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрінің орынбасары;

Волков
Алексей Юрьевич

-

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі;

Нұрымбетов
Біржан Бидайбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрі;

Ескендіров
Абай Мұқашұлы

-

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі;

Орманбетов
Нұрлан Сәкенұлы

-

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы;

Байменов
Әлихан Мұхамедияұлы

-

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы (келісім бойынша).

      2. Жұмыс тобы 2012 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде ИКАО аудитінің ескертулерін жою және Еуроодақ елдеріне қазақстандық авиакомпаниялардың ұшуларына қойылған шектеулерді алып тастау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары С.Н. Ахметовке жүктелсін.

      Премьер-Министр                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады