«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын одан әрі дамыту және басқару бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 107-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармаққа:
Мүтәліпов - Қазақстан Республикасы Спорт және дене
Жәнібек Қайриденұлы шынықтыру істері агенттігі Спорт
инфрақұрылымы және ойын бизнесін
үйлестіру департаменті директорының
орынбасары
Оспанов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Асылхан Зейноллаұлы Үйлестіру департаменті директорының
орынбасары (келісім бойынша)
Борамбаева - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Айсұлу Қасенқызы Салық комитеті Салық заңнамасын түсіндіру
және жетілдіру басқармасының бастығы
Азтаева - Қазақстан Республикасы Спорт және дене
Назгүл Мырзағалиқызы шынықтыру істері агенттігінің
Стратегиялық даму департаменті
нормативтік құқықтық қамтамасыз ету
басқармасының бас сарапшысы енгізілсін;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жұмыс тобы 2013 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде «Қорғас» ШЫХО-ны одан әрі дамыту және басқару жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.».
Премьер-Министр С. Ахметов