Қазақстан Республикасы мен Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту және Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Президенті М.Раджапаксаның 2012 жылғы 19-22 қараша кезеңінде Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын дайындау және Астана қалаcында өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2012 жылғы 20-22 қарашада Астана қаласында Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Президенті М.Раджапаксаның Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+1+10» форматы бойынша Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне жоғарғы деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, қосымшаға сәйкес сапарды өткізуге қатысты шығыстарды 2012 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету», 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Президенті М.Раджапаксаның арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайында қонуын және ұшып шығуын;
2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі:
1) сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін;
2) Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы мен Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауына 20 жыл толуына байланысты іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
6. Астана қаласының әкімдігі Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Президенті М.Раджапакса сапарының бағдарламасы бойынша ресми рәсімдерге қатыссын.
8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының ресми делегациясы мүшелерін Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.
9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 19 қарашадағы
№ 213-ө өкіміне
қосымша
Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының ресми
делегациясы мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру
шаралары
1. Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы ресми делегациясының мүшелерін (1+1+10 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қалаcындағы қонақүйлерде орналастыру.
2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсаттама, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
3. Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қалаcының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлмен безендіру.
4. Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың атынан Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Президенті М.Раджапаксаның және оның жұбайы Ш.Раджапаксаның құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі ас), бейресми қабылдау ұйымдастыру.
5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының ресми делегациясымен екіжақты кездесуі үшін залды жалға алу.
6. Ресми делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
7. Іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру.
8. Ресми делегацияның мүшелеріне және еріп жүретін тұлғаларға көліктік қызмет көрсету.
9. Ресми делегацияның мүшелеріне және еріп жүретін тұлғаларға медициналық қызмет көрсету.