Мемлекет басшысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы «Жас Отан» жастар қанаты II съезінің қорытындылары бойынша берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы «Жас Отан» жастар қанаты II съезінің қорытындылары бойынша берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, сондай-ақ өзге де ұйымдар Іс-шаралар жоспарының уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін.
Премьер-Министр С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 11 ақпандағы
№ 21-ө өкімімен
бекітілген
Мемлекет басшысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы
«Жас Отан» жастар қанаты II съезінің қорытындылары бойынша
берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с |
Іс-шара атауы |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Үкіметке НҚА мен ақпаратты ұсыну мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын әзірлеу кезінде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының 2020 жылға дейінгі «Жастар - Отанға!» даму стратегиясының негізгі ережелерін ескеру |
2020 жылға дейінгі «Жастар - Отанға!» даму стратегиясының негізгі ережелері ескерілген Тұжырымдама жобасы |
БҒМ (жинақтау), МАМ, ЭБЖМ, Қаржымині, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
2. |
Жастар және студенттік жатақханалар салу бағдарламаларын кеңейту жөніндегі шаралар қабылдау |
ҚР Үкіметіне ақпарат |
БҒМ (жинақтау), Еңбекмині, ЭБЖМ, Қаржымині, ӨДМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
3. |
Жетекші республикалық жастар ұйымдары өкілдерінің орталық және жергілікті атқарушы органдар жанындағы азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі консультативтік-кеңесші кеңестер құрамына қатысуын қамтамасыз ету |
ҚР Үкіметіне ақпарат |
БҒМ (жинақтау), ОЖМО, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
4. |
Жастар бастамашылдығы қорын құру мәселелерін пысықтау және тиісті ұсыныстар енгізу |
ҚР Үкіметіне ұсыныстар |
БҒМ (жинақтау), МАМ, ЭБЖМ, Еңбекмині, Қаржымині, ИЖТМ, АШМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
5. |
Астана қаласында Жастар сарайын салу жөніндегі ұсыныстар енгізу |
ҚР Үкіметіне ұсыныстар |
Астана қаласының әкімдігі (жинақтау), БҒМ, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
6. |
Жастарды ақпараттандыру, жастардың жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру бағдарламаларына тіркелуі мен қатысуы рәсімдерін жүйелендіру мен оңайлату үшін «Жастардың еңбек биржасы» бірыңғай веб-порталын құру |
ҚР Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині (жинақтау), БҒМ, ККМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
7. |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде барлық орталық және жергілікті атқарушы органдардың жетекші республикалық жастар ұйымдарымен тиімді практикалық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету |
ҚР Үкіметіне ақпарат |
БҒМ (жинақтау), ОЖМО, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша), РЖҰ (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
8. |
Жастармен атаулы жұмысты жолға қою және оны тұрғылықты жері, оқу мен жұмыс орны бойынша жер-жерде қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдау |
ҚР Үкіметіне ақпарат |
БҒМ (жинақтау), Еңбекмині, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
9. |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ еңбек ұжымдарында Жастармен жұмыс жөніндегі кеңестерді құру бойынша шаралар қабылдау |
ҚР Үкіметіне ақпарат |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
10. |
Жалпы білім беретін мектептер түлектерінің техникалық және кәсіптік білім алуға кепілді қатысуын және кейіннен олардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету мақсатында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына толықтырулар енгізу |
ҚР Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині (жинақтау), БҒМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
11. |
Ағымдағы және ұзақ мерзімді негізде жастардың еңбек нарығын мониторингілеу мен талдауды қамтамасыз ету |
ҚР Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині (жинақтау), БҒМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
12. |
Индустрияландыру, бизнестің жол картасы мен жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламаларына қатысатын кәсіпорындарда жастарды оқыту мен жұмысқа орналастыру бойынша квота көздеу |
ҚР Үкіметіне ақпарат |
БҒМ (жинақтау), ИЖТМ, ЭБЖМ, Еңбекмині, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы кәсіподақтарының федерациясы (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
13. |
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына жаңадан бастаушы жас кәсіпкерлерді қолдаудың кредиттік және консалтингтік құралдарын жер-жерде кеңейтуге бағытталған өзгерістер енгізу |
ҚР Үкіметі қаулысының жобасы |
ӨДМ (жинақтау), Қаржымині, ИЖТМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
14. |
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын сапалы пысықтауды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жедел енгізуді қамтамасыз ету |
ҚР Заң жобасы |
БҒМ (жинақтау), Қаржымині, ЭБЖМ, Әділетмині, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
15. |
2013 жылдың бірінші жартыжылдығында колледждер мен жоғары оқу орындар түлектерін оқыту мен одан әрі жұмысқа орналастыру үшін мамандықтарды белгілеу жөніндегі тетіктерді әзірлеу |
ҚР Үкіметіне ақпарат |
БҒМ (жинақтау), Еңбекмині, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы кәсіподақтарының федерациясы (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
16. |
2013 жылдың бірінші жартыжылдығында жастарды әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жөніндегі жастар практикасы мен бағдарламаларын кеңейту бойынша шаралар қабылдау |
ҚР Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині (жинақтау), БҒМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы кәсіподақтарының федерациясы (келісім бойынша) |
2013 жылғы |
17. |
2014 жылдың соңына дейін барлық орталық және жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына жастармен жұмыс жөніндегі индикаторларды енгізу |
ҚР Үкіметіне ақпарат |
БҒМ (жинақтау), ОЖМО |
2014 жылғы |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
«Нұр Отан» ХДП – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
«Атамекен» ҰЭП одағы – «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы
ОЖМО – Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдары
РЖҰ – Республикалық жастар ұйымдары