1. Қоса беріліп отырған салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдары Жоспарды іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін.
Премьер-Министр С.Ахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 14 наурыздағы
№ 47-ө өкімімен
бекітілген
Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары
р/с № |
Іс-шараның атауы |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
Болжанатын шығыстар (мың теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. Ұқсас сипаттамалары бар және бір тауар тобына жататын тауарлар үшін кедендік баж ставкаларын біріздендіру |
|||||
1 |
Ұқсас сипаттамалары бар және бір тауар тобына жататын тауарлар үшін қолданыстағы әкелу кедендік баж ставкаларын талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірлеу |
ЭБЖМ-ға, «Атамекен одағы» ҚҰЭП-ға ұсыныстар енгізу (келісім бойынша) |
Қаржымині |
2013 жылғы 1 сәуір |
талап етілмейді |
2 |
СЭҚ ТН кодтарын және ұқсас сипаттамалары бар және бір тауар тобына жататын тауарлар үшін әкелу кедендік баж ставкаларын біріздендіру жөніндегі бірыңғай келіссөз ұстанымын әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ЭБЖМ Қаржымині ИЖТМ «Атамекен одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша) |
2013 жылғы 1 мамыр |
талап етілмейді |
3 |
Жоғарыда баяндалған ұсыныстарды бизнес-қоғамдастықпен келісу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ЭБЖМ Қаржымині ӨДМ МГМ |
2013 жылғы 1 маусым |
талап етілмейді |
4 |
ЕЭК отырысының қарауына әзірленген ұсыныстарды енгізу |
ЕЭК-ға ақпаратты жіберу |
ЭБЖМ |
2014 жылғы 1 шілде |
талап етілмейді |
5 |
Ұқсас сипаттамалары бар және бір тауар тобына жататын тауарлар үшін қолданыстағы әкету кедендік баж ставкаларын талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірлеу |
ЭБЖМ-ға ұсыныстар енгізу |
Қаржымині МГМ |
2013 жылғы 1 сәуір |
талап етілмейді |
6 |
Әкету кедендік баж ставкаларына қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы |
ЭБЖМ Қаржымині |
2013 жылғы 1 шілде |
талап етілмейді |
2. Кеден қызметінің заманауи инфрақұрылымын құру |
|||||
1 |
Шекарадағы өткізу пункттерінің қолданыстағы инфрақұрылымының жай-күйін талдау |
ЭБЖМ-ға ақпарат жіберу |
Қаржымині ККМ ҰҚК ШҚ (келісім бойынша) |
2013 жылғы 1 сәуір |
талап етілмейді |
2 |
Шекарадағы жұмыс істеп тұрған өткізу пункттерін қайта құру үшін ЖСҚ-ға республикалық бюджеттен қаражат бөлуге бюджеттік өтінім беру |
бюджеттік өтінім жіберу |
Қаржымині ҰҚК ШҚ (келісім бойынша) |
2013 жылғы 15 сәуір |
талап етілмейді |
3 |
Шекарадағы өткізу пункттерін қосымша жарақтандыруға республикалық бюджеттен қаражат бөлуге бюджеттік өтінім беру |
бюджеттік өтінім жіберу |
Қаржымині ҰҚК ШҚ (келісім бойынша) |
2013 жылғы 15 мамыр |
талап етілмейді |
4 |
2014 жылы ЖСҚ-ға ақша бөлу туралы мәселені енгізу, ЖСҚ әзірлеу және шекарадағы жұмыс істеп тұрған өткізу пункттерін қайта құруды қаржыландыру жоспарына қосу |
РБК шешімі |
Қаржымині ЭБЖМ ҰҚК ШҚ (келісім бойынша) |
2013 жылғы 31 желтоқсан |
талап етіледі* |
5 |
Шекарадағы жұмыс істеп тұрған өткізу пункттерін қайта құру және қосымша жарақтандыру |
құрылысын салу |
Қаржымині ККМ ҰҚК ШҚ (келісім бойынша) |
2014- 2015 жылдар |
талап етіледі* |
6 |
КЛО салу орындарын және оларды жайластыру бойынша қойылатын үлгілік талаптарды айқындау мәніне тауарлардың импорты мен транзитінің бағыттарын талдау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне талдау ақпараты |
Қаржымині ККМ |
2013 жылғы 1 сәуір |
талап етілмейді |
7 |
«Атамекен одағы» ҚӨЭП-мен бірлесіп Қаржыминінің кедендік әкімшілендіруді жетілдіру және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидатында КЛО желісін дамыту мүмкіндіктері жөніндегі ұсыныстарының тұсаукесерін өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ККМ Қаржымині ЭБЖМ ИЖТМ «Атамекен одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша) облыстар әкімдіктері |
2013 жылғы 1 шілде |
талап етілмейді |
3. Электрондық декларациялауды енгізу |
|||||
1 |
«Тауарлар экспорты» кедендік рәсімінде ресімделетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты электрондық декларациялауды енгізу |
ақпараттық жүйені жұмысқа енгізу |
Қаржымині |
2013 жылғы 1 шілде |
талап етілмейді |
2 |
Барлық кедендік рәсімдер бойынша ресімделетін, импортталатын тауарлар мен көлік құралдарына қатысты электрондық декларациялауды енгізу |
ақпараттық жүйені жұмысқа енгізу |
Қаржымині |
2014 жылғы 1 қаңтар |
талап етілмейді |
3 |
Кедендік ресімдеу үшін ұсынылатын рұқсат құжаттарын автоматтандыру (52 құжат) |
«Е-лицензиялау» жүйесін деректермен 100 % толтыру |
Қаржымині |
2014 жылғы |
талап етілмейді |
4 |
Оңайлатылған электрондық құжат түрінде тауарға ілеспе құжаттарды беруді қамтамасыз ету |
ақпараттық жүйені жұмысқа енгізу |
Қаржымині |
2014 жылғы 1 қаңтар |
талап етілмейді |
4. Жеке тұлғалардың коммерциялық жүктерді әкелуін реттеу |
|||||
1 |
«Жүктердің коммерциялық партиясы» ұғымын заңды түрде бекіту жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
ЭБЖМ-ға ұсыныс |
Қаржымині |
2013 жылғы 1 шілде |
талап етілмейді |
2 |
Тауарлардың коммерциялық партияларын тасымалдауды жүзеге асыратын жеке тұлғаларды кеден органдары және УЭО жеке тұлғалар тауарлар партияларын әкелу кезінде төлем көзінен табыс салығын алуын енгізу арқылы дара кәсіпкер (заңды тұлға) ретінде тіркелуге ынталандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
ЭБЖМ-ға салық заңнамасына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар |
Қаржымині |
2013 жылғы 1 сәуір |
талап етілмейді |
5. Құжаттарды барынша қысқарту арқылы кедендік әкімшілендіруді оңайлату |
|||||
1 |
Тауарларды декларациялау кезінде қосымша құжаттарды сұрату рәсімін жүйелендіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
ЭБЖМ-ға ұсыныстар |
Қаржымині «Атамекен одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша) |
2013 жылғы 1 шілде |
талап етілмейді |
2 |
кеден одағының кеден заңнамасында тауарларды декларациялау үшін талап етілетін құжаттардың тізбесін барынша қысқарту жөнінде ұсыныстар дайындау |
ЕЭК-қа ұсыныстар |
ЭБЖМ Қаржымині «Атамекен одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша) |
2014 жылғы 1 қаңтар |
талап етілмейді |
6. Уәкілетті экономикалық операторлар институтын жетілдіру |
|||||
1 |
УЭО-ға өткізілетін тауарларға қатысты қосымша есептілікті беру міндетін енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
ЭБЖМ-ға ұсыныстар |
Қаржымині |
2013 жылғы 1 маусым |
талап етілмейді |
2 |
Кеден одағының кеден заңнамасына УЭО-ның халықтық тұтынатын тауарлар бойынша көліктік-логистикалық компаниялар режиміне өтуі үшін жағдай жасау бойынша өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
ЕЭК-қа ұсыныстар |
ЭБЖМ Қаржымині «Атамекен одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша) |
2014 жылдың 1 жартыжылдығы |
талап етілмейді |
3 |
Қаржыминінің СК мен Қаржыминінің КБК тәуекелдерді басқару жүйелері берген ұсынымдардың негізінде УЭО-ды тексеру |
тексеру жоспары |
Қаржымині |
2013 жылғы 2-4-тоқсан |
талап етілмейді |
7. Кеден органдарынан кедендік төлемдер мен салықтарды әкімшілендіру жөніндегі функцияларды салық органдарына беру |
|||||
1 |
Қаржыминінің СК-ға сыртқы экономикалық қызметке қатысушы салық төлеушілердің жеке шоттары бойынша ақпаратты беру |
Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині |
2013 жылғы 1 шілде |
талап етілмейді |
2 |
Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасын уақытша орналастыру (депозит) шоттары бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл |
Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині |
2013 жылғы 1 шілде |
талап етілмейді |
3 |
Кедендік төлемдер мен салықтар берешегін өндіріп алу фукцияларын бірлесіп жүзеге асыру |
Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині |
2013 жылғы 1 шілде |
талап етілмейді |
4 |
Электрондық шот-фактураларды қолдану арқылы тауарлардың импорты кезінде жанама салықтарды әкімшілендіру тетігін әзірлеу |
ақпараттық жүйе |
Қаржымині |
2014 жылғы 1 шілде |
талап етілмейді |
5 |
Қаржыминінің КБК мен Қаржыминінің СК жүйелерінің интеграцияланған өзара іс-қимылын қамтамасыз ету |
Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині |
2013 жылдың 2-жарты жылдығы |
талап етілмейді |
6 |
Кедендік және салықтық әкімшілендіруді одан әрі интеграциялау жөнінде ұсыныстар дайындау |
талдау ақпараты |
Қаржымині |
2014 жылғы 1 шілде |
талап етілмейді |
Ескертпе:
* іс-шараларды қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді түзету кезінде нақтыланатын болады;
аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ӨДМ - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
Қаржымині КБК - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті
Қаржымині СҚ - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті
ҰҚК ШҚ - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
ЕЭК - Еуразиялық экономикалық комиссия
«Атамекен» одағы» ҚҰЭП - «Атамекен» одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы»
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
ЖСҚ - жобалау-сметалық құжаттама
КЛО - көліктік-логистикалық орталықтар
УЭО - уәкілетті экономикалық операторлар
РБК- Республикалық бюджет комиссиясы