«Тарифтердің және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, оларды сатқан кезде алыпсатарлық мәмілелерді болдырмау жөнінде ұзақ мерзімді шаралар кешенін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 46-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін Шаралар кешенінің іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.»;
көрсетілген өкіммен бекітілген Тарифтердің және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, оларды сатқан кезде алыпсатарлық мәмілелерді болдырмау жөнінде ұзақ мерзімді шаралар кешенінде:
реттік нөмірлері 12, 12-2, 13, 17, 18, 19-жолдардың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін»;
реттік нөмірлері 15, 17-жолдардың 3-бағанындағы «ЭДСМ» деген аббревиатура «ЭБЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
аббревиатуралардың толық жазылуы:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі».
Премьер-Министр С. Ахметов