1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Тізбеге сәйкес мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
Премьер-Министр С. Ахметов
ҚазақстанРеспубликасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 1 тамыздағы
№ 125-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім
балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың
тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 4
шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік органдар |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҒМ |
2013 жылғы тамыз |
2. |
Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін жалдауға (қосымша жалдауға) берудің үлгі шартын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҒМ |
2013 жылғы тамыз |
3. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҒМ (жинақтау) ӨДМ |
2013 жылғы тамыз |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі