"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 125-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
      2. Тізбеге сәйкес мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

      Премьер-Министр                       С. Ахметов

ҚазақстанРеспубликасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 1 тамыздағы
№ 125-ө өкімімен   
бекітілген     

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім
балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың
тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 4
шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2013 жылғы тамыз

2.

Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін жалдауға (қосымша жалдауға) берудің үлгі шартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2013 жылғы тамыз

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж  Қазақстан Республикасының  азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ (жинақтау) ӨДМ

2013 жылғы тамыз

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 4 июля 2013 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обеспечения прав на жилище детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей"

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 1 августа 2013 года № 125-р

      1. Утвердить прилагаемый перечень нормативных правовых актов, принятие которых необходимо в целях реализации Закона Республики Казахстан от 4 июля 2013 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обеспечения прав на жилище детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей» (далее – перечень).
      2. Государственным органам разработать и в установленном порядке внести на утверждение в Правительство Республики Казахстан проекты нормативных правовых актов согласно перечню.

      Премьер-Министр                            С. Ахметов

Утвержден        
распоряжением Премьер-Министра
Республики Казахстан   
от « » 2013 года №    

Перечень
нормативных правовых актов, принятие которых необходимо в целях
реализации Закона Республики Казахстан от 4 июля 2013 года
«О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные
акты Республики Казахстан по вопросам обеспечения прав на
жилище детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей»

№ п/п

Наименование нормативного правового акта

Форма акта

Государственные органы, ответственные за исполнение

Срок исполнения

1

2

3

4

5

1.

Об утверждении Правил сохранности жилища детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей

постановление Правительства Республики Казахстан

МОН

август 2013 года

2.

Об утверждении типового договора сдачи внаем (поднаем) жилища детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей

постановление Правительства Республики Казахстан

МОН

август 2013 года

3.

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1420 «Об утверждении Правил предоставления и пользования жилищем из государственного жилищного фонда или жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде» и от 26 июня 2012 года № 856 «Об утверждении Правил постановки на учет граждан Республики Казахстан, нуждающихся в жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованном местным исполнительным органом в частном жилищном фонде»

постановление Правительства Республики Казахстан

МОН (созыв) МРР

август 2013 года

      Примечание: расшифровка аббревиатур:
      МОН – Министерство образования и науки Республики Казахстан
      МРР – Министерство регионального развития Республики Казахстан