«Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінің индикаторларын мемлекеттік органдарға бекiтіп беру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 164-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетiлген өкiммен бекiтiлген Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінің индикаторларын мемлекеттік органдарға бекiтіліп беруде:
реттік нөмiрi 4-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Төлем қабілетсіздігін шешу»;
3-бағанда:
реттік нөмiрi 3-жолдағы «ҚжТКШІА» деген аббревиатура «ӨДМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмiрлерi 5, 6-жолдағы «ҚҚА» деген аббревиатура «ҰБ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 7-жолдағы «ЭДСМ» деген аббревиатура «ӨДМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
4-бағанда:
реттік нөмiрi 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі»;
реттік нөмiрлерi 5, 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары»;
реттік нөмiрi 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі»;
ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
«ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі»;
«ҚҚА – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi»;
«ҚТКШІА – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі» деген жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі».
Премьер-Министр С. Ахметов