Қазақстан Республикасының аумағында атом электр станциясы орналасатын жерді және конфигурациясын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Жақсалиев |
– |
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі |
Мұхамеджанов |
– |
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Ордабаев |
– |
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті Атом энергетикасы басқармасының басшысы, хатшы |
Әмрин |
– |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Кравченко |
– |
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша) |
Дәленов |
– |
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Құсайынов |
– |
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Баймолдина |
– |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары |
Нокин |
– |
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі |
Орынханов |
– |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Қырықбаев |
– |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Скляр |
– |
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Петров |
– |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі |
Ақшолақов |
– |
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі |
Баталов |
– |
Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары |
Көшербаев |
– |
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары |
Алдашев |
– |
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары |
Шәріпов |
– |
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің төрағасы |
Есімханов |
– |
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры |
Бектеміров |
– |
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша) |
Оспанов |
– |
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
Жазықбаев |
– |
«KEGOC» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
Яшин |
– |
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Ли |
– |
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша) |
Огай |
– |
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының электр энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры (келісім бойынша) |
2. Жұмыс тобы 2013 жылғы 1 қарашаға дейін Қазақстан Республикасының аумағында атом электр станциясы орналасатын жерді және конфигурациясын таңдау жөнінде ұсыныстар әзірлеуге арналған комиссияның қарауына атом электр станциясы салынатын жер және конфигурациясы бойынша негізделген ұсыныстар енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.
Премьер-Министр С. Ахметов