Қазақстан Республикасының аумағында атом электр станциясы орналасатын жерді және конфигурациясын таңдау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 146-ө өкімі

«Қазақстан Республикасының аумағында атом электр станциясы
орналасатын жерді және конфигурациясын таңдау жөніндегі жұмыс
тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2013 жылғы 29 тамыздағы №146-ө өкіміне баспасөз- хабарламасы

      «Қазақстан Республикасының аумағында атом электр станциясы орналасатын жерді және конфигурациясын таңдау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 146-ө өкімі (бұдан әрі - Өкім) Мемлекет басшысының атом электр станциясы орналасатын жер мен конфигурациясы жөнінде ұсыныстар енгізу туралы ағымдағы жылғы 23 қаңтардағы кеңесте берген № 01-7.1 хаттама тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі С.Н. Ахметовтің 2013 жылғы 24 тамыздаты тапсырмасына сәйкес әзірленді.
      Қазақстан Республикасының аумағында атом электр станциясы орналасатын жерді және конфигурациясын таңдау жөніндегі жұмыс тобын (бұдан әрі - жұмыс тобы) құру Қазақстан Республикасының аумағында атом электр станциясы орналасатын жерді және конфигурациясын таңдау жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге арналған комиссияның қарауына Қазақстан Республикасы аумағында атом электр станциясы салынатын жер және конфигураниясы бойынша негізді ұсыныстарды енгізуге мүмкіндік береді.
      Өкім республикалық бюджеттен қаржы шығынын болжамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға апарып соқпайды.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз