Әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу тетіктері жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Орынбаев |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші |
Қайырбекова |
- |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, жетекшінің орынбасары |
Шоранов |
- |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры, хатшы |
Әбілқасымова |
- |
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Байжүнісов |
- |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Төкежанов |
- |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Шолпанқұлов |
- |
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Жақыпова |
- |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Әбдіқалықов |
- |
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы Ақпараттық қамсыздандыру және талдау департаментінің директоры (келісім бойынша) |
Болатбекова |
- |
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы Стратегиялық даму және инвестициялық басқару департаментінің директоры (келісім бойынша) |
Әбдікәрімова |
- |
Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы басқарма төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
Жәменов |
- |
«Ұлттық талдау орталығы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Завалко |
- |
Қазақстан сақтандырушылары қауымдастығының атқарушы органының басшысы (келісім бойынша) |
Құрманов |
- |
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы қорының президенті (келісім бойынша) |
Якубаева |
- |
«Атамекен» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының басқарушы директоры - басқарма мүшесі (келісім бойынша) |
Ахметов |
- |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры |
2. Жұмыс тобы 2013 жылғы 30 қарашаға дейінгі мерзімде әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу тетіктері жөніндегі ұсыныстарды әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Премьер-Министр С. Ахметов