Әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу тетіктері жөніндегі ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 178-ө өкімі

      Әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу тетіктері жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Орынбаев
Ербол Тұрмаханұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші

Қайырбекова
Салидат Зекенқызы

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, жетекшінің орынбасары

Шоранов
Марат Едігеұлы

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры, хатшы

Әбілқасымова
Мәдина Ерасылқызы

-

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Байжүнісов
Ерік Әбенұлы

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

Төкежанов
Болат Тұрғанұлы

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

Шолпанқұлов
Берік Шолпанқұлұлы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

Жақыпова
Светлана Қабыкенқызы

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Әбдіқалықов
Қанат Әлімбайұлы

-

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы Ақпараттық қамсыздандыру және талдау департаментінің директоры (келісім бойынша)

Болатбекова
Гүлбағила Қонырбайқызы

-

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы Стратегиялық даму және инвестициялық басқару департаментінің директоры (келісім бойынша)

Әбдікәрімова
Жанар Мұратқызы

-

Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы басқарма төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

Жәменов
Талғат Ақмашұлы

-

«Ұлттық талдау орталығы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Завалко
Павел Алексеевич

-

Қазақстан сақтандырушылары қауымдастығының атқарушы органының басшысы (келісім бойынша)

Құрманов
Алмас Мұхаметкәрімұлы

-

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы қорының президенті (келісім бойынша)

Якубаева
Юлия Константиновна

-

«Атамекен» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының басқарушы директоры - басқарма мүшесі (келісім бойынша)

Ахметов
Уәлихан Исаұлы

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры

      2. Жұмыс тобы 2013 жылғы 30 қарашаға дейінгі мерзімде әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу тетіктері жөніндегі ұсыныстарды әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. 

      Премьер-Министр                            С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады