VII Астана экономикалық форумы шеңберінде 2014 жылғы
21-23 мамырда Астана қаласында Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы II конференцияны дайындауды және өткiзуді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы II конференцияны дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановқа жүктелсін.
Премьер-Министр С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 27-ө өкімімен
бекітілген
VII Астана экономикалық форумы шеңберінде Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы II конференцияны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы
Сұлтанов |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі, төраға |
Жақсылықов |
- |
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Жошыбаев |
- |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары |
Төребаев |
- |
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, хатшы |
Нөгербеков |
- |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Ақышев |
- |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Рау |
- |
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші вице-министрі |
Коржова |
- |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы |
Мұқанов |
- |
«Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Қарымсақов |
- |
«Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының президенті |
Тәжібаев |
- |
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының аппарат басшысы (келісім бойынша) |
Төлеушин |
- |
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша) |