VII Астана экономикалық форумы шеңберінде Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы II конференцияны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 27-ө өкімі

      VII Астана экономикалық форумы шеңберінде 2014 жылғы
21-23 мамырда Астана қаласында Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы II конференцияны дайындауды және өткiзуді қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы II конференцияны дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.
      2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановқа жүктелсін.

      Премьер-Министр                            С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің  
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 27-ө өкімімен   
бекітілген      

VII Астана экономикалық форумы шеңберінде Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы II конференцияны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы

Сұлтанов
Бақыт Тұрлыханұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі, төраға

Жақсылықов
Тимур Мекешұлы

-

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары

Жошыбаев
Рәпіл Сейітханұлы

-

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

Төребаев
Қайрат Қалмұқаметұлы

-

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, хатшы

Нөгербеков
Серік Нөгербекұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Ақышев
Данияр Талғатұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Рау
Альберт Павлович

-

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші вице-министрі

Коржова
Наталья Артемовна

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы

Мұқанов
Мақсат Нұрдәулетұлы

-

«Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Қарымсақов
Мұрат Рәтұлы

-

«Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының президенті
(келісім бойынша)

Тәжібаев
Ұлан Қалмұханұлы

-

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының аппарат басшысы (келісім бойынша)

Төлеушин
Қаныш Аманбайұлы

-

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады