"Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар басшыларының облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне қатысуын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 135-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар басшыларының облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне қатысуын бекітуде:
реттік нөмірлері 2, 13-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
2 | Ақтөбе | Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев - "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша), Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі |
13 | Солтүстік Қазақстан | Дәурен Сәбитұлы Махажанов - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының міндетін атқарушы (келісім бойынша), Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі |
".
Премьер-Министр | К. Мәсімов |