"Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар басшыларының облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне қатысуын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 135-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 3-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар басшыларының облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне қатысуын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 135-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар басшыларының облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне қатысуын бекітуде:

      реттік нөмірлері 2, 13-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Ақтөбе

Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев - "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша),

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі

13

Солтүстік Қазақстан

Дәурен Сәбитұлы Махажанов - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының міндетін атқарушы (келісім бойынша),

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі

      ".

      Премьер-Министр К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады