1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі:
1)тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 145-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің сапасына әзірленуі мен енгізілуінің уақтылылығына жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МСМ | 2015 жылғы желтоқсан | М.А. Әзілханов |
2. | Үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттарды беру және олардың іске асырылуын үшін мониторингтеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2015 жылғы желтоқсан | М.А. Әзілханов |
3. | Үкіметтік емес ұйымдар үшін сыйлықақы беру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2015 жылғы желтоқсан | М.А. Әзілханов |
4. | Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы мәліметтерді беру және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2015 жылғы желтоқсан | М.А. Әзілханов |
5. | Уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2015 жылғы желтоқсан | М.А. Әзілханов |
6. | Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласында оператор қызметінің нәтижелері туралы есеп нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2015 жылғы желтоқсан | М.А. Әзілханов |
7. | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2015 жылғы желтоқсан | М.А. Әзілханов |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
МСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі.