"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 145-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі:

      1)тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 145-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің сапасына әзірленуі мен енгізілуінің уақтылылығына жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МСМ

2015 жылғы желтоқсан

М.А. Әзілханов

2.

Үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттарды беру және олардың іске асырылуын үшін мониторингтеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2015 жылғы желтоқсан

М.А. Әзілханов

3.

Үкіметтік емес ұйымдар үшін сыйлықақы беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2015 жылғы желтоқсан

М.А. Әзілханов

4.

Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы мәліметтерді беру және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2015 жылғы желтоқсан

М.А. Әзілханов

5.

Уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2015 жылғы желтоқсан

М.А. Әзілханов

6.

Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласында оператор қызметінің нәтижелері туралы есеп нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2015 жылғы желтоқсан

М.А. Әзілханов

7.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2015 жылғы желтоқсан

М.А. Әзілханов

      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:

      МСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады