1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актінің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актінің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы 147-ө-өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актінің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 30.04.2016 № 31-ө өкімімен.
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің және құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуіне және енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ІІМ | 2016 жылғы қаңтар | Е.З. Тұрғымбаев |
2 | Орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ДСӘДМ | 2016 жылғы қаңтар | Б.Б. Нұрымбетов |
3 | Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ДСӘДМ | 2016 жылғы қаңтар | Б.Б. Нұрымбетов |
4 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ДСӘДМ | 2016 жылғы қаңтар | Б.Б. Нұрымбетов |
5 | "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз ететін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2016 жылғы қаңтар | Е.З. Тұрғымбаев |
6 | "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2016 жылғы қаңтар | Т.О. Балықбаев |
7 | Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 30.04.2016 № 31-ө өкімімен. | ||||
8 | Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ДСӘДМ | 2016 жылғы шілде | Б.Б. Нұрымбетов |
9 | Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 30.04.2016 № 31-ө өкімімен. | ||||
10 | Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 30.04.2016 № 31-ө өкімімен. | ||||
11 | Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы | ДСӘДМ | 2016 жылғы қаңтар | Б.Б. Нұрымбетов |
12 | Мүгедектерің жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы | ДСӘДМ | 2016 жылғы қаңтар | Б.Б. Нұрымбетов |
13 | Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияның үлгілік ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы | ДСӘДМ, ҰЭМ | 2016 жылғы қаңтар | Б.Б. Нұрымбетов |
14 | Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы | ДСӘДМ, ҰЭМ | 2016 жылғы қаңтар | Б.Б. Нұрымбетов |
15 | Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы | ДСӘДМ | 2016 жылғы қаңтар | Б.Б. Нұрымбетов |
16 | Қазақстан Республикасына оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне жәрдемақы төлеудің үлгілік қағидаларын және шарттарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы | ДСӘДМ | 2016 жылғы қаңтар | Б.Б. Нұрымбетов |
17 | Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен жұмыс істейтін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде сәйкес объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін, ведомствоаралық комиссия айқындайтын адам саны мен санаттар тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бірлескен бұйрығы | ДСӘДМ, ИДМ | 2016 жылғы қаңтар | Б.Б. Нұрымбетов |
18 | Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды айқындау әдістемесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ, ДСӘДМ | 2016 жылғы қаңтар | М.Ә. Құсайынов |
19 | Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген кешіп келушілер туралы ақпарат беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру, шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) көшіп келушілердің келу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиттік жол жүру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша) | 2016 жылғы қаңтар | Е.З. Тұрғымбаев |
20 | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2016 жылғы қаңтар | Е.З. Тұрғымбаев |
21 | Қазақстан Республикасы Денсаулық ң сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы | ДСӘДМ | 2016 жылғы қаңтар | Б.Б. Нұрымбетов |
22 | "Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 наурыздағы № 08-1-1-1/71 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 175 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірлескен бұйрығы | СІМ, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша) | 2016 жылғы қаңтар | Р.С. Жошыбаев |
23 | "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 221 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы | ДСӘДМ, АШМ, БҒМ, Қаржымині, ҰЭМ | 2016 жылғы наурыз | Б.Б. Нұрымбетов |
24 | Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 30.04.2016 № 31-ө өкімімен. | ||||
25 | Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 30.04.2016 № 31-ө өкімімен. | ||||
26 | Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 30.04.2016 № 31-ө өкімімен. | ||||
27 | Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 30.04.2016 № 31-ө өкімімен. | ||||
28 | Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 30.04.2016 № 31-ө өкімімен. |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ДСӘДМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИДМ - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі