"Халықты жұмыспен қамту туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 31-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Халықты жұмыспен қамту туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Мемлекеттік органдар:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиісті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын;

      3) қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 7, 9, 10, 24, 25, 26, 27 және 28-жолдар алып тасталсын.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 30 сәуірдегі
№ 31-ө өкімімен
бекітілген

"Халықты жұмыспен қамту туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 13.02.2017 № 17; 27.07.2017 № 99-ө өкімдерімен.

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеудің сапасына, уақтылығына және енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСӘДМ

2016 жылғы мамыр

Б.Б. Нұрымбетов

2.

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСӘДМ

2016 жылғы шілде

Б.Б. Нұрымбетов

3.

Шетелдік жұмыс күшіне квота беру және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру туралы нормалар қолданылмайтын тұлғаларды анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСӘДМ

2016 жылғы шілде

Б.Б. Нұрымбетов

4.

Корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика салаларының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСӘДМ, ҰЭМ

2016 жылғы шілде

Б.Б. Нұрымбетов

5.

Жұмыс күшіне болжамды қажеттілікті айқындау әдістемесін бекіту туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ, ҰЭМ, БҒМ

2016 жылғы маусым

Б.Б. Нұрымбетов

6.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ

2016 жылғы маусым

Б.Б. Нұрымбетов

7.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ

2016 жылғы маусым

Б.Б. Нұрымбетов

8.

Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ

2016 жылғы маусым

Б.Б. Нұрымбетов

9.

Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ

2016 жылғы маусым

Б.Б. Нұрымбетов

10.

Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ, ҰЭМ

2016 жылғы маусым

Б.Б. Нұрымбетов

11.

Мүгедектің жұмыс орнының стандарттарын бекіту туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ

2016 жылғы маусым

С.К. Жақыпова

12.

Білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар, кәмелеттік жасқа жеткенше ата-анасынан айрылғандар немесе олардың қамқорлығынсыз қалғандар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ, БҒМ, ҰЭМ

2016 жылғы маусым

Б.Б. Нұрымбетов

13.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ, ІІМ, ҰЭМ

2016 жылғы маусым

Б.Б. Нұрымбетов

14.

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ, ІІМ, ҰЭМ

2016 жылғы маусым

Б.Б. Нұрымбетов

15.

Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ

2016 жылғы маусым

Б.Б. Нұрымбетов

16.

Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ

2016 жылғы маусым

Б.Б. Нұрымбетов

17.

Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау өткізу қағидаларын бекіту туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ, БҒМ

2016 жылғы маусым

Б.Б. Нұрымбетов

18.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша ведомстволық есептілік нысандарын бекіту туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ

2016 жылғы маусым

Б.Б. Нұрымбетов

19.

Халықты жұмыспен қамту орталығының үлгілік жарғысын бекіту туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ

2016 жылғы маусым

Б.Б. Нұрымбетов

20.

Ағымдағы бос жұмыс орындарының және болжанатын жұмыс орындарының дерекқорына қосу үшін сұранысқа ие мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер ұсынуға арналған әкімшілік есепке алу нысандарын бекіту туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ

2016 жылғы маусым

Б.Б. Нұрымбетов

21.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді бекіту туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ

2016 жылғы маусым

Б.Б. Нұрымбетов

22.

Өңірлердің (аудандардың, қалалардың және облыстардың) жұмыспен қамту карталарын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ БҒМ, ИДМ, ҰЭМ

2016 жылғы маусым

Б.Б. Нұрымбетов

23.

Жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, тоқтату, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру ережелері мен шарттарын бекіту туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ

2016 жылғы шілде

Б.Б. Нұрымбетов

24.

Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру тәртібін, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам ез бетінше жұмысқа орналасу үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ, ҰЭМ

2016 жылғы шілде

Б.Б. Нұрымбетов

25.

Жұмысқа орналастырудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ

2016 жылғы маусым

Б.Б. Нұрымбетов

26.

Әлеуметтік келісімшарттың үлгілік нысандарын бекіту туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ

2016 жылғы маусым

Б.Б. Нұрымбетов

27.

"Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын, Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 982 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ

2016 жылғы маусым

Б.Б. Нұрымбетов

28.

"Кәсіптік стандарттарды әзірлеу, енгізу, ауыстыру және қайта қарау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1035 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ

2016 жылғы маусым

Б.Б. Нұрымбетов

29.

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 236 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ

2016 жылғы маусым

С.Қ. Жақыпова

30.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі медициналық қызметтерге тарифтер қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ

2017 жылғы мамыр

А.В. Цой

31.

"Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ, ҰЭМ

2016 жылғы қыркүйек

Б.Б. Нұрымбетов

32.

"Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ

2016 жылғы қазан

Б.Б. Нұрымбетов

33.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

ДСӘДМ бұйрығы

ДСӘДМ, Қаржымині

2017 жылғы тамыз

Б.Б. Нұрымбетов

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ДСӘДМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

      Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      БҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ҰЭМ СК - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті

      ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      ИДМ - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады