1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актіні қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 153-ө өкімімен бекітілген |
Қазақстан Республикасының "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі
Р\с № | Нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекет тік орган | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы | БҒМ | 2015 жылғы желтоқсан | Т.О. Балықбаев |
2. | Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптаманы ұйымдастыру және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы | БҒМ | 2015 жылғы желтоқсан | Т.О. Балықбаев |
3. | Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламасын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы | БҒМ | 2015 жылғы желтоқсан | Т.О. Балықбаев |
4. | "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 149 бұйрығына толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы | БҒМ | 2015 жылғы желтоқсан | Т.О. Балықбаев |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі