"Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 20-ө өкімі.

      "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 21.05.2020 № 73-ө өкімімен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының есеп беруінің үлгілік нысаны;

      2) алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 21.05.2020 № 73-ө өкімімен;

      3) ұлттық холдингтер мен компаниялар (келісім бойынша) басшыларын орталық атқарушы органдар басшыларының есеп беру кездесулеріне қатысуы үшін бекіту бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 26.11.2018 № 149-ө; 21.05.2020 № 73-ө өкімдерімен.

      2. Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары жыл сайын:

      1) орталық атқарушы органдар басшыларының есеп беруін өткізу графигін
10 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ұсынсын;

      2) ұлттық холдингтер мен компаниялар (келісу бойынша) басшыларының орталық атқарушы органдар басшыларының есеп беру кездесулеріне қатысуын қамтамасыз етсін;

      3) екінші тоқсан ішінде өңірлермен бейнеконференция байланысын, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық интернет-ресурста онлайн-трансляция ұйымдастыра отырып, жұртшылық өкілдерімен есеп беру кездесулерін өткізуді, олардың барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, əлеуметтік-экономикалық даму, стратегиялық жоспарлардың түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу мен тиісті салаларды дамыту жөніндегі міндеттер, олардың проблемалары мен шешу жолдары туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 21.05.2020 № 73-ө өкімімен.

      3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі орталық атқарушы органдар басшыларының халық алдында есеп беруін өткізу графигін жыл сайын 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізуді қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 21.05.2020 № 73-ө өкімімен.

      4. Ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халық алдында есеп беруін өткізу кестесін жыл сайын 10 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне ұсынсын.

      5. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халық алдында есеп беруін өткізу кестесін жыл сайын 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізуді қамтамасыз етсін.

      6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері жыл сайын 10 желтоқсаннан кешіктірмей, халыққа есеп беру кездесулерінің алдағы күнтізбелік жылға арналған графиктерін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жіберсін.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 21.05.2020 № 73-ө өкімімен.

      6-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің халыққа есеп беруін өткізу кестесін жыл сайын 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізуді қамтамасыз етсін.

      Ескерту. Өкім 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің 15.08.2017 № 111-ө; жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 26.11.2018 № 149-ө өкімдерімен.

      6-2. Жергілікті атқарушы органдар барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн-трансляция және аудан орталықтарымен және басқа да елді мекендермен бейнеконференция байланысын (техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып) ұйымдастыра отырып, есеп беру кездесулерін өткізуді қамтамасыз етсін.

      Ескерту. Өкім 6-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің 21.05.2020 № 73-ө өкімімен.

      7. Орталық және жергілікті атқарушы органдар есеп беру кездесулері өтетін күннен бір ай бұрын орталық және өңірлік баспа бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет-ресурстарда және "электрондық үкімет" веб-порталында, оның ішінде ашық деректердің интернет-порталында, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың, әкімдіктердің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында және министрлердің, әкімдердің жеке аккаунттарында есеп беру кездесулерін өткізу графиктерін және алдағы есеп берулерге халықтың сұрақтары мен ұсыныстарын жолдау тәсілдері туралы ақпаратты жарияласын.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 21.05.2020 № 73-ө өкімімен.

      7-1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2020 жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде жұртшылық өкілдерімен есепті кездесулерді онлайн-трансляциялау үшін ақпараттық интернет-ресурсты айқындасын, сондай-ақ бұл туралы орталық атқарушы органдарға (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) хабарласын.

      Ескерту. Өкім 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің 15.08.2017 № 111-ө өкімімен; жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 21.05.2020 № 73-ө өкімімен.

      7-2. Орталық атқарушы органдар есептік кездесулердің онлайн-трансляциясының бейнесигналын түсіру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган айқындаған ақпараттық ресурсқа дейін жеткізу үшін техникалық жағдайларды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. Өкім 7-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің 15.08.2017 № 111-ө өкімімен; жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 21.05.2020 № 73-ө өкімімен.

      7-3. Барлық деңгейдегі әкімдер:

      есеп беру кездесуі өткізілгенге дейін бір күн бұрын және есеп беру кездесуі өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке қабылдауды өткізсін;

      есеп беру кездесуі өткізілгенге дейін мәслихаттар депутаттарын, жұртшылық, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, тиісті қоғамдық кеңестердің отырыстарында облыстар, қалалар және аудандар әкімдерінің есептерін тыңдауды өткізсін.

      Ескерту. Өкім 7-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің 21.05.2020 № 73-ө өкімімен.

      7-4. Есеп беру кездесулері мен азаматтарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей есептерді және есеп беру кездесулерінде халық көтерген проблемалы мәселелерді шешу бойынша тиісті шаралар қабылдау мерзімдерін көрсете отырып, олардың тізбесін:

      орталық атқарушы органдардың басшылары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың әкімдері тиісті мемлекеттік органның ресми интернет-ресурстарында;

      аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың әкімдері бұқаралық ақпарат құралдарында және бар болса –әкімдер аппараттарының ресми интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. Өкім 7-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің 26.11.2018 № 149-ө өкімімен; жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 21.05.2020 № 73-ө өкімімен.

      8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері төмен тұрған әкімдердің есепті жылдағы кездесулерінің қорытындыларын ескере отырып, шешілуі орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың (келісім бойынша) құзыретіне жататын проблемалар тізбесін жыл сайын 1 сәуірге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ұсынсын.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 26.11.2018 № 149-ө өкімімен.

      9. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерінің қорытындылары бойынша халық көтерген проблемалардың тізбесін жасасын және жыл сайын 10 сәуірге дейінгі мерзімде мүдделі орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың (келісім бойынша) қарауына жолдасын.

      10. Мүдделі орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар (келісім бойынша) жыл сайын 20 сәуірге дейінгі мерзімде проблемалық мәселелерді өз құзыреті шеңберінде шешу жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне енгізсін.

      10-1. Орталық атқарушы органдар жыл сайын 15 шілдеге дейінгі мерзімде проблемалық мәселелер болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне орталық атқарушы органдар басшыларының есеп беру кездесулерінің қорытындылары бойынша халық көтерген және орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар (келісім бойынша) деңгейінде шешуді талап ететін проблемалар тізбесін және оларды шешу жөніндегі ұсыныстарды берсін.

      Ескерту. Өкім 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің 15.08.2017 № 111-ө өкімімен.

      11. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары есеп беру кездесулерінде халық көтерген проблемалы мәселелердің шешілу барысы (проблемалы мәселелер, орындалу барысы) туралы ақпаратты тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне қарай орталық атқарушы органдардың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, қаладағы аудандар әкімдіктерінің, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтер, кенттер және ауылдар әкімдері аппараттарының интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 21.05.2020 № 73-ө өкімімен.

      12. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар (келісім бойынша) деңгейінде шешуді талап ететін проблемалық мәселелердің тізбесін және оларды шешу жөніндегі ұсыныстарды:

      1) 30 шілдеге дейінгі мерзімде орталық атқарушы органдар басшыларының есеп беру кездесулерінің қорытындылары бойынша;

      2) 30 сәуірге дейінгі мерзімде барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулерінің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізуді қамтамасыз етсін.

      13. "Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерін, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар басшыларын облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне қатысуы үшін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 135-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.

      14. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 5 сәуірдегі
№ 20-ө өкімімен
бекітілген

Орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының есеп беруінің үлгілік нысаны

      1. Жалпы ережелер:

      1) орталық атқарушы органдардың есеп беруі:

      орталық атқарушы органдар қызметінің негізгі бағыттары туралы;

      орталық атқарушы органдар қызметінің нәтижелері туралы;

      елде іске асырылып жатқан реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, стратегиялық жоспарлардың түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу және тиісті салаларды дамыту жөніндегі міндеттер, олардың проблемалары мен шешу жолдары туралы мәліметтерді қамтуы тиіс;

      2) ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының есеп беруі:

      жоғары оқу орны қызметінің негізгі бағыттары туралы;

      жоғары оқу орны қызметінің нәтижелері туралы;

      білім, ғылыми-зерттеу және тәрбие қызметінің мәселелері бойынша іске асырылып жатқан бастамалар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

      3) жергілікті атқарушы органдардың есеп беруі:

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері қызметінің негізгі бағыттары, нәтижелері туралы;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері қызметінің нәтижелері туралы;

      елде іске асырылып жатқан реформалар, өңірді одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, проблемалы мәселелер және оларды шешу бойынша жоспарлар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс;

      4) жергілікті атқарушы органдардың Қоғамдық кеңес алдындағы есеп беруі:

      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы, аумақтарды дамыту бағдарламаларының түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу, өңірді одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын айқындау бөлігінде жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру процесі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 21.05.2020 № 73-ө өкімімен.

      2. Есеп үшін ақпарат көздері:

      1) статистикалық деректер;

      2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері;

      3) ішкі бақылау нәтижелері;

      4) Қоғамдық кеңес өткізген қоғамдық мониторинг нәтижелері;

      5) көрсетілетін қызметті, алушылардың, азаматтардың сауалнамасының нәтижелері болып табылады.

      3. Есепті әзірлеу кезінде пайдаланылатын ақпарат:

      1) анықтық (мониторинг процесінде алынған деректердің нақтылығын тексеру мүмкіндігімен деректерді жинау және өңдеу тәсілдері пайдаланылады);

      2) салыстырмалылық (әртүрлі мерзім кезеңдеріндегі салыстырмалы деректер пайдаланылады);

      2) салыстырмалылық (әртүрлі мерзім кезеңдеріндегі салыстырмалы деректер пайдаланылады);

      3) объективтілік (бірнеше тәуелсіз көздерден алынған деректер пайдаланылады);

      4) үнемділік (деректерді алу ақпаратты жинаудың қолданыстағы әдістерін пайдалана отырып, барынша аз шығындармен жүргізіледі);

      5) болжамдылық (стратегиялық жоспарларда, бағдарламаларда, іс-шаралар жоспарларында және тағы басқаларында қамтылған индикаторлар, көрсеткіштер пайдаланылады);

      6) толықтық (есепке деректерді тексеру және талдауды дайындау үшін пайдаланылатын барлық ақпарат көздерінің тізбесі қоса беріледі) өлшемшарттарына сәйкес болуы тиіс.

      4. Орталық және жергілікті атқарушы органдар есепті қалыптастыру кезінде кестелерді, диаграммаларды, таныстырылымдарды, фотосуреттерді, слайдтарды пайдаланады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 5 сәуірдегі
№ 20-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар (келісім бойынша) басшыларын облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне қатысуы үшін бекіту

      Ескерту. Бекіту алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 21.05.2020 № 73-ө өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 5 сәуірдегі
№ 20-ө өкімімен
бекітілген

Ұлттық холдингтер мен компаниялар (келісім бойынша) басшыларын орталық атқарушы органдар басшыларының есеп беру кездесулеріне қатысуы үшін бекіту

      Ескерту. Бекітуге өзгерістер енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 15.08.2017 № 111-ө; 26.11.2018 № 149-ө; 21.05.2020 № 73-ө өкімдерімен.

Р/с № Орталық атқарушы орган Ұлттық холдингтің және компанияның басшысы
1 2 3

1

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

2

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

3

Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 21.05.2020 № 73-ө өкімімен.

4

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

5

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

6

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым, министрлігі

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

7

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

8

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министірлігі

"Қазақстан темір жолы" акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)

9

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

10

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

11

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

12

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

13

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

14

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

15

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

16

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)


О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 5 февраля 2016 года № 190 "О проведении отчетных встреч с населением руководителей центральных исполнительных органов, акимов, ректоров национальных высших учебных заведений"

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 5 апреля 2016 года № 20-р.

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 5 февраля 2016 года № 190 "О проведении отчетных встреч с населением руководителей центральных исполнительных органов, акимов, ректоров национальных высших учебных заведений":

      Сноска. Преамбула в редакции распоряжения Премьер-Министра РК от 21.05.2020 № 73-р.

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) типовую форму отчета руководителей центральных и местных исполнительных органов, ректоров национальных высших учебных заведений;

      2) исключен распоряжением Премьер-Министра РК от 21.05.2020 № 73-р;

      3) закрепление руководителей национальных холдингов и компаний (по согласованию) для участия на отчетных встречах руководителей центральных исполнительных органов.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными распоряжениями Премьер-Министра РК от 26.11.2018 № 149-р; от 21.05.2020 № 73-р.

      2. Руководителям центральных исполнительных органов (за исключением министерств обороны, иностранных дел Республики Казахстан) ежегодно:

      1) не позднее 10 декабря представлять графики проведения отчетов руководителей центральных исполнительных органов в Министерство информации и общественного развития Республики Казахстан;

      2) обеспечить участие руководителей национальных холдингов и компаний (по согласованию) на отчетных встречах руководителей центральных исполнительных органов;

      3) обеспечить проведение в течение второго квартала отчетных встреч с представителями общественности с организацией видеоконференцсвязи с регионами, онлайн-трансляции на официальных аккаунтах в социальных сетях и информационном интернет-ресурсе, определяемом уполномоченным органом в области средств массовой информации, в ходе которых информировать о реализуемых в стране реформах, социально-экономическом развитии, достижении ключевых показателей стратегических планов и задачах по развитию соответствующих отраслей, их проблемах и путях решения.

      Сноска. Пункт 2 в редакции распоряжения Премьер-Министра РК от 21.05.2020 № 73-р.

      3. Министерству информации и общественного развития Республики Казахстан обеспечить внесение в Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан графика проведения отчетов руководителей центральных исполнительных органов перед населением ежегодно в срок до 15 декабря.

      Сноска. Пункт 3 в редакции распоряжения Премьер-Министра РК от 21.05.2020 № 73-р.

      4. Ректорам национальных высших учебных заведений ежегодно не позднее 10 декабря представлять графики проведения отчетов ректоров национальных высших учебных заведений перед населением в Министерство образования и науки Республики Казахстан.

      5. Министерству образования и науки Республики Казахстан обеспечить внесение в Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан графика проведения отчетов ректоров национальных высших учебных заведений перед населением ежегодно в срок до 15 декабря.

      6. Акимам областей, городов республиканского значения, столицы ежегодно не позднее 10 декабря на предстоящий календарный год направлять графики отчетных встреч с населением в Министерство национальной экономики Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 6 в редакции распоряжения Премьер-Министра РК от 21.05.2020 № 73-р.

      6-1. Министерству национальной экономики Республики Казахстан обеспечить внесение в Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан графика проведения отчетов акимов областей, городов республиканского значения, столицы перед населением ежегодно в срок до 15 декабря.

      Сноска. Распоряжение дополнено пунктом 6-1 в соответствии с распоряжением Премьер-Министра РК от 15.08.2017 № 111-р; в редакции распоряжения Премьер-Министра РК от 26.11.2018 № 149-р.

      6-2. Местным исполнительным органам обеспечить проведение отчетных встреч акимов всех уровней с населением с организацией онлайн-трансляции на официальных аккаунтах в социальных сетях и видеоконференцсвязи с районными центрами и другими населенными пунктами (с учетом технических возможностей).

      Сноска. Распоряжение дополнено пунктом 6-2 в соответствии с распоряжением Премьер-Министра РК от 21.05.2020 № 73-р.

      7. Центральным и местным исполнительным органам за месяц до даты проведения отчетных встреч публиковать в центральных и региональных печатных средствах массовой информации, на официальных интернет-ресурсах и веб-портале "электронного правительства", в том числе интернет-портале открытых данных, а также на официальных аккаунтах центральных исполнительных органов, акиматов и личных аккаунтах министров, акимов в социальных сетях графики проведения отчетных встреч и информацию о способах направления вопросов и предложений населения к предстоящим отчетам.

      Сноска. Пункт 7 в редакции распоряжения Премьер-Министра РК от 21.05.2020 № 73-р.

      7-1. Министерству информации и общественного развития Республики Казахстан в срок до 30 апреля 2020 года определить информационный интернет-ресурс для онлайн-трансляции отчетных встреч с представителями общественности, а также проинформировать об этом центральные исполнительные органы (за исключением министерств обороны, иностранных дел Республики Казахстан).

      Сноска. Распоряжение дополнено пунктом 7-1 в соответствии с распоряжением Премьер-Министра РК от 15.08.2017 № 111-р; в редакции распоряжения Премьер-Министра РК от 21.05.2020 № 73-р.

      7-2. Центральным исполнительным органам обеспечить технические условия для съемки и доставки видеосигнала онлайн-трансляции отчетных встреч до информационного ресурса, определенного уполномоченным органом в области средств массовой информации.

      Сноска. Распоряжение дополнено пунктом 7-2 в соответствии с распоряжением Премьер-Министра РК от 15.08.2017 № 111-р; в редакции распоряжения Премьер-Министра РК от 21.05.2020 № 73-р.

      7-3. Акимам всех уровней:

      за день до проведения отчетной встречи и после проведения отчетной встречи проводить личный прием граждан;

      до проведения отчетной встречи проводить заслушивание отчетов акимов областей, городов и районов на заседаниях соответствующих Общественных советов с привлечением депутатов маслихатов, представителей общественности, бизнеса и средств массовой информации.

      Сноска. Распоряжение дополнено пунктом 7-3 в соответствии с распоряжением Премьер-Министра РК от 21.05.2020 № 73-р.

      7-4. Не позднее десяти календарных дней со дня завершения отчетных встреч и приема граждан обеспечить размещение отчетов и перечня проблемных вопросов, поднятых населением на отчетных встречах, с указанием сроков принятия соответствующих мер по их решению:

      руководителям центральных исполнительных органов и акимам областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, районов в городе – на официальных интернет-ресурсах соответствующего государственного органа;

      акимам городов районного значения, сельских округов, поселков и сел – в средствах массовой информации и при наличии на официальных интернет-ресурсах аппаратов акимов.

      Сноска. Распоряжение дополнено пунктом 7-4 в соответствии с распоряжением Премьер-Министра РК от 26.11.2018 № 149-р; в редакции распоряжения Премьер-Министра РК от 21.05.2020 № 73-р.

      8. Акимам областей, городов республиканского значения, столицы ежегодно в срок до 1 апреля представлять в Министерство национальной экономики Республики Казахстан перечень проблем, решение которых входит в компетенцию центральных государственных органов, национальных холдингов и компаний (по согласованию), с учетом итогов встреч нижестоящих акимов за отчетный год.

      Сноска. Пункт 8 в редакции распоряжения Премьер-Министра РК от 26.11.2018 № 149-р.

      9. Министерству национальной экономики Республики Казахстан составлять перечень проблем, поднятых населением по итогам отчетных встреч акимов с населением, и ежегодно в срок до 10 апреля направлять на рассмотрение заинтересованных центральных государственных органов, национальных холдингов и компаний (по согласованию).

      10. Заинтересованным центральным государственным органам, национальным холдингам и компаниям (по согласованию) ежегодно в срок до 20 апреля вносить предложения по решению проблемных вопросов в рамках своей компетенции в Министерство национальной экономики Республики Казахстан.

      10-1. Центральным исполнительным органам ежегодно в срок до 15 июля, в случае наличия проблемных вопросов, представлять в Министерство национальной экономики Республики Казахстан перечень проблем, поднятых населением по итогам отчетных встреч руководителей центральных исполнительных органов и требующих решения на уровне центральных государственных органов, национальных холдингов и компаний (по согласованию), и предложения по их решению.

      Сноска. Распоряжение дополнено пунктом 10-1 в соответствии с распоряжением Премьер-Министра РК от 15.08.2017 № 111-р.

      11. Руководителям центральных и местных исполнительных органов обеспечить размещение на интернет-ресурсах центральных исполнительных органов и акиматов областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, районов в городе, аппаратов акимов городов районного значения, сельских округов, поселков и сел информации о ходе решения проблемных вопросов, поднятых населением на отчетных встречах (проблемный вопрос, ход исполнения), ежеквартально к десятому числу месяца, следующего за отчетным периодом.

      Сноска. Пункт 11 в редакции распоряжения Премьер-Министра РК от 21.05.2020 № 73-р.

      12. Министерству национальной экономики Республики Казахстан обеспечить внесение в Администрацию Президента Республики Казахстан и Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан перечня проблемных вопросов, требующих решения на уровне центральных государственных органов, национальных холдингов и компаний (по согласованию), и предложения по их решению ежегодно:

      1) по итогам отчетных встреч руководителей центральных исполнительных органов - в срок до 30 июля;

      2) по итогам отчетных встреч акимов всех уровней - в срок до 30 апреля.

      13. Признать утратившим силу распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 21 ноября 2014 года № 135-р "О закреплении членов Правительства Республики Казахстан, руководителей центральных государственных органов, национальных холдингов и компаний для участия на отчетных встречах с населением акимов областей, города республиканского значения, столицы".

      14. Контроль за исполнением настоящего распоряжения возложить на Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан.

      Премьер-Министр К. Масимов

  Утверждена
распоряжением Премьер-Министра
Республики Казахстан
от 5 апреля 2016 года № 20-р

Типовая форма
отчета руководителей центральных и местных исполнительных органов, ректоров национальных высших учебных заведений

      1. Общие положения:

      1) отчет центральных исполнительных органов должен содержать сведения:

      об основных направлениях деятельности центральных исполнительных органов;

      о результатах деятельности центральных исполнительных органов;

      о реализуемых в стране реформах, социально-экономическом развитии, достижении ключевых показателей стратегических планов и задачах по развитию соответствующих отраслей, их проблемах и путях решения;

      2) отчет ректоров национальных высших учебных заведений должен содержать сведения:

      об основных направлениях деятельности высшего учебного заведения;

      о результатах деятельности высшего учебного заведения;

      о реализуемых инициативах по вопросам образовательной, научно- исследовательской и воспитательной деятельности;

      3) отчет местных исполнительных органов должен содержать сведения:

      об основных направлениях, результатах деятельности местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимов районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов;

      о результатах деятельности местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимов районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов;

      о реализуемых в стране реформах, задачах и основных направлениях дальнейшего развития региона, проблемных вопросах и планах по их решению;

      4) отчет местных исполнительных органов перед Общественным советом должен содержать сведения:

      о социально-экономическом развитии соответствующей административно-территориальной единицы за истекший год, достижении ключевых показателей программ развития территорий, задачах и основных направлениях дальнейшего развития региона, процессе формирования проектов местных бюджетов в части определения приоритетов социально-экономического развития региона.

      Сноска. Пункт 1 в редакции распоряжения Премьер-Министра РК от 21.05.2020 № 73-р.

      2. Источниками информации для отчета являются:

      1) статистические данные;

      2) результаты контроля за качеством оказания государственных услуг;

      3) результаты внутреннего контроля;

      4) результаты общественного мониторинга, проведенного Общественным советом;

      5) результаты опросов услугополучателей, граждан.

      3. Информация, используемая при разработке отчета, должна соответствовать следующим критериям:

      1) достоверности (используются способы сбора и обработки данных с возможностью проверки точности полученных данных в процессе мониторинга);

      2) сопоставимости (используются сравнительные данные за различные временные периоды);

      3) объективности (используются данные из нескольких независимых источников);

      4) экономичности (получение данных производится с минимально возможными затратами, с использованием существующих методов сбора информации);

      5) прогнозируемости (используются индикаторы, показатели, содержащиеся в стратегических планах, программах, планах мероприятий и так далее);

      6) полноты (к отчету прикладывается весь перечень источников информации, которые используются для проверки данных и подготовки анализа).

      4. Центральные и местные исполнительные органы при формировании отчета используют таблицы, диаграммы, презентации, фотографии, слайды.

 
  Утверждено
распоряжением Премьер-Министра
Республики Казахстан
от 5 апреля 2016 года № 20-р

Закрепление
членов Правительства Республики Казахстан, руководителей центральных государственных органов, национальных холдингов и компаний (по согласованию) для участия на отчетных встречах с населением акимов областей, города республиканского значения, столицы

      Сноска. Закрепление исключено распоряжением Премьер-Министра РК от 21.05.2020 № 73-р.

  Утверждено
распоряжением Премьер-Министра
Республики Казахстан
от 5 апреля 2016 года № 20-р

Закрепление
руководителей национальных холдингов и компаний (по согласованию) для участия на отчетных встречах руководителей центральных исполнительных органов

      Сноска. Закрепление с изменениями, внесенными распоряжениями Премьер-Министра РК от 15.08.2017 № 111-р; от 26.11.2018 № 149-р; от 21.05.2020 № 73-р.


п/п
Центральный исполнительный орган Руководитель национального холдинга и компании
1 2 3

1

Министерство внутренних дел Республики Казахстан

Председатель правления акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" (по согласованию)

2

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

Председатель правления акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук - Казына" (по согласованию)

3

Исключена распоряжением Премьер-Министра РК от 21.05.2020 № 73-р.

4

Министерство культуры и спорта Республики Казахстан

Председатель правления Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен" (по согласованию)

5

Министерство национальной экономики Республики Казахстан

Председатель правления акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" (по согласованию)

6

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Председатель правления акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" (по согласованию)

7

Министерство информации и общественного развития Республики Казахстан

председатель правления акционерного общества "Национальная компания "КазМунайГаз" (по согласованию)

8

Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Президент акционерного общества "Қазақстан Teмip Жолы" (по согласованию)

9

Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан

Председатель правления акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" (по согласованию)

10

Министерство финансов Республики Казахстан

Председатель правления акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" (по согласованию)

11

Министерство энергетики Республики Казахстан

Председатель правления акционерного общества "Национальная компания "КазМунайГаз" (по согласованию)

12

Министерство юстиции Республики Казахстан

Председатель правления Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен" (по согласованию)

13

Министерство торговли и интеграции Республики Казахстан

председатель правления акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" (по согласованию)

14

Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики

председатель правления акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" (по согласованию)

15

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Председатель правления Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен" (по согласованию)

16

Министерство экологии, гелогии и природных ресурсов Республики Казахстан

председатель правления акционерного общества "Национальная компания "КазМунайГаз" (по согласованию)