1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 45-ө-өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің сапалы әрі уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 және "Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды айқындау туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы № 852 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ | 2016 жылғы маусым | Г.С. Исаева |
2 | Астық қолхаттарын тіркеушіні айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ | 2016 жылғы маусым | Г.С. Исаева |
3 | Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді беру нысандарын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы | бұйрық | АШМ | 2016 жылғы маусым | Г.С. Исаева |
4 | Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді беру нысандарын, келемін және кезеңділігін бекіту туралы | бірлескен бұйрық | АШМ, ИДМ | 2016 жылғы маусым | Г.С. Исаева |
5 | Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді беру нысандарын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы | бірлескен бұйрық | АШМ, Қаржымині | 2016 жылғы маусым | Г.С. Исаева |
6 | Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді беру нысандарын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы | бірлескен бұйрық | АШМ, Әділетмині | 2016 жылғы маусым | Г.С. Исаева |
7 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір: | бұйрық | АШМ | 2016 жылғы маусым | Г.С. Исаева |
8 | "Астық нарығын реттеу, мақтаның кауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 15-3/1134 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 813 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бірлескен бұйрық | АШМ, ҰЭМ | 2016 жылғы маусым | Г.С. Исаева |
9 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір: | бұйрық | АШМ | 2016 жылғы маусым | Г.С. Исаева |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
ИДМ - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі