"Қазақстан Республикасында атом электр станцияларын салу жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 60-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, осы өкімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Ұ. Маминге жүктелсін.";
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасында атом электр станцияларын салу жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Экологиялық заңнама талаптарын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының және Алматы облысының Жамбыл ауданы Үлкен кентінің аудандарында атом электр станцияларын салу бойынша жобалау алды (техникалық-экономикалық негіздемелер) құжаттамасын әзірлеу | Атом электр станцияларын салудың ТЭН-і | 2018 жыл | "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, "Қазақстандық атом электр станциялары" АҚ" (келісім бойынша) |
4 | Техникалық-экономикалық негіздемелер нәтижелерінің негізінде атом электр станцияларын салу бойынша Үкімет шешімінің жобасын дайындау | Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасы | 2018 жыл | ЭМ және мүдделі мемлекеттік органдар |
";
Ескертпеде:
аббревиатуралардың толық жазылуында:
"ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"ЭМ - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі";
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ" - "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы".
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |