"Қазақстан Республикасында атом электр станцияларын салу жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 60-ө өкіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 2 қарашадағы № 110-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасында атом электр станцияларын салу жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 60-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, осы өкімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Ұ. Маминге жүктелсін.";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасында атом электр станцияларын салу жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарында:

      реттік нөмірі 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Экологиялық заңнама талаптарын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының және Алматы облысының Жамбыл ауданы Үлкен кентінің аудандарында атом электр станцияларын салу бойынша жобалау алды (техникалық-экономикалық негіздемелер) құжаттамасын әзірлеу

Атом электр станцияларын салудың ТЭН-і

2018 жыл

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, "Қазақстандық атом электр станциялары" АҚ" (келісім бойынша)

4

Техникалық-экономикалық негіздемелер нәтижелерінің негізінде атом электр станцияларын салу бойынша Үкімет шешімінің жобасын дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасы

2018 жыл

ЭМ және мүдделі мемлекеттік органдар

      ";

      Ескертпеде:

      аббревиатуралардың толық жазылуында:

      "ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЭМ - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ" - "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы".

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады