1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының "Қарсы барлау қызметі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қарсы барлау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 28 желтоқсандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 9-ө өкімімен бекітілген |
Қазақстан Республикасының "Қарсы барлау қызметі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қарсы барлау кызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 28 желтоқсандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық және құқықтық актіні сапалы және уақтылы әзірлеу мен енгізуге жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Қарсы барлау іс-шараларын жүргізу барысында алынған мүлікті билік ету, сондай-ақ оны мемлекет кірісіне айналдыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰҚК (келісім бойынша жинақтау), МКҚ (келісім бойынша), "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша), Қаржымині | 2017 жылғы ақпан | М.Ө. Қалқабаев |
2 | "Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу мен пайдалану кезінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын органдардың және ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1593 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰҚК (келісім бойынша, жинақтау), МКҚ (келісім бойынша), "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша), МҚІСҚА (келісім бойынша), АКМ, Қаржымині, Қорғанысмині, ІІМ | 2017 жылғы ақпан | М.Ө. Қалқабаев |
3 | "Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰҚК (келісім бойынша, жинақтау), БП (келісім бойынша), МКҚ (келісім бойынша), "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша), МҚІСҚА (келісім бойынша), ДСӘДМ, Қаржымині, Қорғанысмині, ІІМ | 2017 жылғы ақпан | М.Ө. Қалқабаев |
4 | Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының күзетілетін тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қарсы барлау іс-шараларын өткізу қағидаларын бекіту туралы | бірлескен бұйрық | ҰКҚ (келісім бойынша, жинақтау), МКҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | М.Ө. Қалқабаев |
5 | Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғаларға немесе квазимемлекеттік сектордың субъектілеріне басқарушылық функцияларды орындауға байланысты лауазымдарға жұмысқа тартылатын шетелдіктерге міндетті арнайы тексеруді жүзеге асыру кезінде қарсы барлау іс-шараларын жүргізу қағидаларын бекіту туралы | бірлескен бұйрық | "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша, жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | Р.Ы. Омаров |
6 | Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы | бірлескен бұйрық | ҰҚК (келісім бойынша, жинақтау), МКҚ (келісім бойынша), "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | М.Ө. Қалқабаев |
7 | Байланыс желісін пайдаланумен байланысты қарсы барлау іс-шараларын жүргізу қағидаларын бекіту туралы | ҰҚК, МКҚ және "Сырбар" СБҚ бірлескен бұйрығы | ҰҚК (келісім бойынша, жинақтау), МКҚ (келісім бойынша), "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | М.Ө. Қалқабаев |
8 | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жедел қамтамасыз ету объектілеріндегі және күзету іс-шаралары жүргізілетін аймақтағы қарсы барлау іс-шараларын жүргізу қағидаларын бекіту туралы | бірлескен бұйрық | МКҚ (келісім бойынша, жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша), "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | Қ.О. Оразқұлов |
9 | Қарсы барлау қызметі саласында қадағалауды ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының өзара қарым-қатынастары туралы | бірлескен бұйрық | БП (келісім бойынша, жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша), | 2017 жылғы ақпан | И.Д. Меркель |
10 | Қарсы барлау қызметі саласында қадағалауды ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің өзара қарым-қатынастары туралы | бірлескен бұйрық | БП (келісім бойынша, жинақтау), МКҚ (келісім бойынша), | 2017 жылғы ақпан | И.Д. Меркель |
11 | Қарсы барлау қызметі саласында қадағалауды ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің өзара қарым-қатынастары туралы | бірлескен бұйрық | БП (келісім бойынша, жинақтау), "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | И.Д. Меркель |
12 | Қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың қарсы барлау іс-шараларын жүргізу барысында алынған материалдар бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты тіркеу қағидаларын бекіту туралы | бірлескен бұйрық | ҰҚК (келісім бойынша, жинақтау), БП (келісім бойынша), МКҚ (келісім бойынша), "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | М.Ө. Қалқабаев |
13 | Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының бейнекамераларын және өзге де электрондық жабдық түрлерін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының пайдалану қағидаларын бекіту туралы | бірлескен бұйрық | ҰҚК (келісім бойынша, жинақтау), ІІМ | 2017 жылғы ақпан | М.Ө. Қалқабаев |
14 | Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының басқа арнаулы мемлекеттік органдарына іссапарға жіберудің және олардың қызмет өткеруінің ерекшеліктерін бекіту туралы | бірлескен бұйрық | "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша, жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша), МКҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | Р.Ы. Омаров |
15 | Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қарсы барлау кызметін жүзеге асыруға құқығы бар ведомстволарының, қызметтерінің, бөлімшелерінің және қызметкерлер санаттарының тізбесін бекіту туралы | бұйрық | ҰҚК (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | М.Ө. Қалқабаев |
16 | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қарсы барлау қызметін жүзеге асыруға құқығы бар ведомстволарының, қызметтерінің, бөлімшелерінің және қызметкерлер санаттарының тізбесін бекіту туралы | бұйрық | МКҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | Қ.О. Оразқұлов |
17 | Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің қарсы барлау қызметін жүзеге асыруға құқығы бар ведомстволарының, қызметтерінің, бөлімшелерінің және қызметкерлер санаттарының тізбесін бекіту туралы | бұйрық | "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | Р.Ы. Омаров |
18 | Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қарсы барлау іс-шараларын жүргізу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ҰҚК (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | М.Ө. Қалқабаев |
19 | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қарсы барлау іс-шараларын жүргізу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | МКҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | Қ.О. Оразқұлов |
20 | Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің қарсы барлау іс-шараларын жүргізу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | Р.Ы. Омаров |
21 | Прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қарсы барлау іс-шараларын жүргізу қағидаларын бекіту туралы | ҰҚК бұйрығы | ҰҚК (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | М.Ө. Қалқабаев |
22 | Прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қарсы барлау іс-шараларын жүргізу қағидаларын бекіту туралы | МКҚ бұйрығы | МКҚ (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | Қ.О. Оразқұлов |
23 | Прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің қарсы барлау іс-шараларын жүргізу қағидаларын бекіту туралы | "Сырбар" СБҚ бұйрығы | "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | Р.Ы. Омаров |
24 | Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісілген тәртіппен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қарсы барлау іс-шараларын жүргізу қағидаларын бекіту туралы | ҰҚК бұйрығы | ҰҚК (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | М.Ө. Қалқабаев |
25 | Қазақстан Республикасы Бас Прокурорымен келісілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қарсы барлау іс-шараларын жүргізу қағидаларын бекіту туралы | МКҚ бұйрығы | МКҚ (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | Қ.О. Оразқұлов |
26 | Қазақстан Республикасы Бас Прокурорымен келісілген тәртіппен Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің қарсы барлау іс-шараларын жүргізу қағидаларын бекіту туралы | "Сырбар" СБҚ бұйрығы | "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | Р.Ы. Омаров |
27 | Мәліметтері мемлекеттік құпияларды құрайтын әдістерді және құралдарды пайдаланумен байланысты қарсы барлау іс-шараларының тізбесін және оларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | МКҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | Қ.О. Оразқұлов |
28 | Мәліметтері мемлекеттік құпияларды құрайтын әдістерді мен құралдарды пайдаланумен байланысты қарсы барлау іс-шараларының тізбесін бекіту туралы | бұйрық | ҰҚК (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | М.Ө. Қалқабаев |
29 | Мәліметтері мемлекеттік құпияларды құрайтын әдістерді мен құралдарды пайдаланумен байланысты қарсы барлау іс-шараларының тізбесін бекіту туралы | бұйрық | "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | Р.Ы. Омаров |
30 | Мәліметтері мемлекеттік құпияларды құрайтын әдістерді мен құралдарды пайдаланумен байланысты қарсы барлау іс-шараларын жүргізу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ҰҚК (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | М.Ө. Қалқабаев |
31 | Мәліметтері мемлекеттік құпияларды құрайтын әдістерді мен құралдарды пайдаланумен байланысты қарсы барлау іс-шараларын жүргізу қағидаларын бекіту туралы туралы | бұйрық | "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | Р.Ы. Омаров |
32 | Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қарсы барлау істерін ашу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы | ҰҚК бұйрығы | ҰҚК (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | М.Ө. Қалқабаев |
33 | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде қарсы барлау істерін ашу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы | МКҚ бұйрығы | МКҚ (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | Қ.О. Оразқұлов |
34 | Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметінде қарсы барлау істерін ашу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы | "Сырбар" СБҚ бұйрығы | "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | Р.Ы. Омаров |
35 | Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қарсы барлау қызметінің материалдарын сақтау және жою қағидаларын, сондай-ақ сақтау мерзімдерін бекіту туралы | бұйрық | ҰҚК (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | М.Ө. Қалқабаев |
36 | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде қарсы барлау қызметінің материалдарын сақтау және жою қағидаларын, сондай-ақ сақтау мерзімдерін бекіту туралы | бұйрық | МКҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | Қ.О. Оразқұлов |
37 | Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметінде қарсы барлау қызметінің материалдарын сақтау және жою қағидаларын, сондай-ақ сақтау мерзімдерін бекіту туралы | бұйрық | "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | Р.Ы. Омаров |
38 | Құпия көмекшілермен жұмысты ұйымдастыру және оларға сыйақы төлеу, сондай-ақ қарсы барлау іс-шараларын жүргізуге қатысуына байланысты құпия көмекші қаза тапқан жағдайда не мертіккенде немесе денсаулығына өзге де зиян келтірілгенде біржолғы жәрдемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | МКҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | Қ.О. Оразқұлов |
39 | Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында құпия көмекшілермен жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ҰКҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | М.Ө. Қалқабаев |
40 | Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметінде құпия көмекшілермен жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | Р.Ы. Омаров |
41 | Құпия көмекші қарсы барлау іс-шараларын жүргізуге қатысуына байланысты қаза болған не мертіккен немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда біржолғы жәрдемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ҰҚК (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | М.Ө. Қалқабаев |
42 | Құпия көмекші қарсы барлау іс-шараларын жүргізуге қатысуына байланысты қаза болған не мертіккен немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда біржолғы жәрдемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | Р.Ы. Омаров |
43 | Құпия көмекшілерге сыйақы төлеу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ҰҚК (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | М.Ө. Қалқабаев |
44 | Құпия көмекшілерге сыйақы төлеу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | Р.Ы. Омаров |
45 | Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қарсы барлау қызметі саласына қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті прокурорлардың тізбесін бекіту туралы | БП бұйрығы | БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | И.Д. Меркель |
46 | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қарсы барлау қызметі саласына қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті прокурорлардың тізбесін бекіту туралы | БП бұйрығы | БП (келісім бойынша), МКҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | И.Д. Меркель |
47 | Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің қарсы барлау қызметі саласына қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті прокурорлардың тізбесін бекіту туралы | БП бұйрығы | БП (келісім бойынша), "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | И.Д. Меркель |
48 | Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін астыртын (жасырын) нысанда жүзеге асыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ҰҚК (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | М.Ө. Қалқабаев |
49 | Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін астыртын (жасырын) нысанда жүзеге асыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | МКҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | Қ.О. Оразқұлов |
50 | Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін астыртын (жасырын) нысанда жүзеге асыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | Р.Ы. Омаров |
51 | Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | ҰҚК (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | М.Ө. Қалқабаев |
52 | "Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсатында пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрінің 2016 жылғы 17 қазандағы № 207 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | АКМ бұйрығы | АКМ, ҰҚК (келісім бойынша) | 2017 жылғы ақпан | С.С. Сәрсенов |
Ескертпе: аббревиатуралардың жазылуы: | ||
МҚІСҚА | - | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі |
БП | - | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
ҰҚК | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
ІІМ | - | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
ДСӘДМ | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі |
АКМ | - | Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі |
Қорғанысмині | - | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
Қаржымині | - | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
"Сырбар" СБҚ | - | Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметі |
МКҚ | - | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі |