1. Қоса беріліп отырған "Волонтерлік қызмет туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 13-ө өкімімен бекітілген |
"Волонтерлік қызмет туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Нормативтік құқықтық актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық актіні сапалы және уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды бекіту туралы | Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрінің бұйрығы | ДІАҚМ | 2017 жылғы ақпан | А.Н. Нүкенов |
2. | Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрінің бұйрығы | ДІАҚМ | 2017 жылғы ақпан | А.Н. Нүкенов |
3. | Волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрінің бұйрығы | ДІАҚМ | 2017 жылғы ақпан | А.Н. Нүкенов |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
ДІАҚМ - Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі