Астана қаласында 2017 жылғы 22-25 маусым аралығында Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайын тиімді ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы;
2) Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар (келісім бойынша) Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 44-ө өкімімен бекітілген |
Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің
ҚҰРАМЫ
Мамин | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға |
Мұхамедиұлы | - | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төрағаның орынбасары |
Асылов | - | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы, хатшы |
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері | ||
Мыңбай | - | Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі (келісім бойынша) |
Қасымов | - | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
Абаев | - | Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі |
Біртанов | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Қасымбек | - | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Байбек | - | Алматы қаласының әкімі |
Исекешев | - | Астана қаласының әкімі |
Бақтиярұлы | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Ерғалиев | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Смағұл | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Тілеухан | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Тілеуберді | - | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары |
Суханбердиева | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Нүкенов | - | Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі |
Нұрымбетов | - | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Мұқибек Ауыт | - | "Нұр Отан" партиясының орталық аппараты республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты (келісім бойынша) |
Шорманов | - | "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Мамашев | - | Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
Сұлтанов | - | "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының даму жөніндегі вице-президенті (келісім бойынша) |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі 44-ө өкімімен бекітілген |
Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқтау нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзімі | Болжамды шығыстар, мың теңге |
1. | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. Ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету | |||||
1. | Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің отырыстарын дайындау және өткізу | хаттама | МСМ | 2017 жылғы 10 мамыр - 10 маусым | талап етілмейді |
2. | Құрылтайдың делегаттарын мемлекеттік органдарға бекіту (қарсы алу, шығарып салу, бірге жүру) | қарсы алу, шығарып салу және бірге жүру кестелері | МСМ, Астана қаласының әкімдігі, мүдделі мемлекеттік органдар, ДҚҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы 10 мамыр | талап етілмейді |
3. | Құрылтай делегаттарының тізімін жасау, шақыру қағаздарын жіберу, визалар ашу және жол шығынын төлеу | делегаттардың тізімі | МСМ, СІМ, ІІМ, ДҚҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы 10 мамыр - 10 маусым | 021 "Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту" республикалық бюджеттік бағдарламасы 55500,0 мың теңге |
4. | Залды жалға алу, жабдықтау (байланыс қызметтерін, коммуналдық төлемдерді төлеу және т.б.) кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету, бейне және суретке түсіру, құрылтайдың кәдесыйларына логотиптер жасау | орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілері | МСМ, ДҚҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы 20- 28 маусым | 021 республикалық бюджеттік бағдарлама 10661,0 мың теңге |
5. | Құрылтайға қатысушылар үшін үлестіру материалдарын дайындау (шақыру билеттері, конверттер, бейдждер, бағдарламалар және т.б.) | таратылатын материалдар пакеті | МСМ, ДҚҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы 20 мамыр - 20 маусым | 021 республикалық бюджеттік бағдарлама 1420,0 мың теңге |
6. | Құрылтай делегаттарының теміржол көлігімен Алматы - Астана-Алматы бағыты бойынша жол жүруін қамтамасыз ету | жол жүруін ұйымдастыру | МСМ, ДҚҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы 20-28 маусым | 021 республикалық бюджеттік бағдарлама 6000,0 мың теңге |
7. | Құрылтайға қатысушылар үшін естелік кәдесыйлар (футболка, бейсболкалар және т.б.) дайындау | тізім бойынша кәдесыйлар | МСМ, ДҚҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы 20 мамыр | 021 республикалық бюджеттік бағдарлама 9167,0 мың теңге |
8. | Қаланың құрылтай өтетін жерлерін, әуежайды және қатысушылар мен қонақтар жүретін бағыттарды безендіру | билбордтар, ұрандар мен пилоналар орналастыру | Астана қаласының әкімдігі | 2017 жылғы маусым | талап етілмейді |
9. | Құрылтай өткізілетін жерлерде медициналық көмекті ұйымдастыру | медициналық көмек пункттері | Астана қаласының әкімдігі, ДСМ | 2017 жылғы 22-25 маусым | талап етілмейді |
10. | Құрылтай өткізу кезеңінде қатысушылардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету | құрылтай өтетін орындардағы кезекшілік | ІІМ | 2017 жылғы 22-25 маусым | талап етілмейді |
11. | Құрылтай делегаттарын қарсы алу, шығарып салу және бірге жүруді (кестеге сәйкес), қонақ үйлерге орналастыруды, тамақтандыруды, сондай-ақ көлікпен қызмет көрсетуді ұйымдастыру | МСМ-ға ақпарат | МСМ, Астана қаласының әкімдігі, мүдделі мемлекеттік органдар, ДҚҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы 20-28 маусым | 021 республикалық бюджеттік бағдарлама 68298,0 мың теңге |
2. Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайын өткізу | |||||
12. | Құрылтай делегаттары үшін Астананың мәдени-тарихи орындарына экскурсиялар ұйымдастыру | экскурсия | МСМ, ДКҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы 22 маусым | 021 республикалық бюджеттік бағдарлама 5928,0 мың теңге |
13. | "Этно-ауыл" кешеніне баруды ұйымдастыру ("ЭКСПО-2017" көрмесі аясында) | кешенге бару | ДҚҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы 22 маусым | талап етілмейді |
14. | "Астана-Опера" опера және балет театрында қатысушыларға опера көрсетуді ұйымдастыру | опера көрсетілімі | МСМ, ДҚҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы 22 маусым | талап етілмейді |
15. | "Қазақ елі" монументіне салтанатты түрде гүл шоқтарын қоюды ұйымдастыру | гүл шоқтарын қою | МСМ, Астана қаласының әкімдігі, ДҚҚ(келісім бойынша) | 2017 жылғы 23 маусым | талап етілмейді |
16. | Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайының салтанатты ашылуын ұйымдастыру | ашылу рәсімі | МСМ,ДҚҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы 23 маусым | талап етілмейді |
17. | "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне баруды ұйымдастыру | көрмеге бару | Астана қаласының әкімдігі, "Астана- ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ, (келісім бойынша) ДҚҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы 24 маусым | талап етілмейді |
18. | Қазақстан Республикасы Президентінің атынан салтанатты қабылдауды ұйымдастыру | салтанатты қабылдау | ПІБ (келісім бойынша), МСМ, ДҚҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы 23 маусым | талап етілмейді |
19. | | Құрылтай делегаттарының қатысуымен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру | дөңгелек үстелдер ұйымдастыру | АКМ, ДІАҚМ, БҒМ, ІІМ, Еңбекмині, АШМ, ИДМ, ДҚҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы 24 маусым | талап етілмейді |
20. | "Х.Алтай және қайта оралған тарих" атты халықаралық конференция ұйымдастыру | халықаралық конференция ұйымдастыру | МСМ, ДҚҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы 24 маусым | талап етілмейді |
3. Ақпараттық қамтамасыз ету | |||||
21. | Қолданыстағы бағдарламалар аясында құрылтай делегаттарымен сұхбат ұйымдастыру | телебағдарлама | АКМ, МСМ, ДҚҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы 24 маусым | талап етілмейді |
22. | Ақпараттық материалдар (билбордтар, жарнамалық бейнероликтер, баспасөз хабарламалар және ілеспе аударманы ұйымдастыру) дайындау | Ақпараттық материалдар дайындау | МСМ, ДҚҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы мамыр-маусым | 021 республикалық бюджеттік бағдарлама 3000,0 мың теңге |
23. | Қазақстандық БАҚ-та іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету | БАҚ-та ақпарат орналастыру | АКМ | 2017 жылғы 20-28 маусым | талап етілмейді |
24. | Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайын өткізу туралы қорытынды ақпарат | МСМ-ға ақпарат | АКМ, ІІМ, ДІАҚМ, ИДМ, СІМ, ДСМ, БҒМ, Еңбекмині АШМ, ПІБ (келісім бойынша), ДҚҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы 28 маусым | талап етілмейді |
Барлығы: республика лық бюджеттен 159 974,0 мың теңге |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АКМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
ДІАҚМ - Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ИДМ - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ПІБ - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
ДҚҚ - Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы
"Астана-ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ - "Астана-ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы