Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына дайындық және оны өткізу мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 44-ө өкімі

      Астана қаласында 2017 жылғы 22-25 маусым аралығында Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайын тиімді ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы;

      2) Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

      2. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар (келісім бойынша) Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 17 сәуірдегі
№ 44-ө өкімімен
бекітілген

Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің
ҚҰРАМЫ

Мамин
Асқар Ұзақбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға

Мұхамедиұлы
Арыстанбек

-

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төрағаның орынбасары

Асылов
Қуаныш Жұмабекұлы

-

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы, хатшы

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері

Мыңбай
Дархан Қамзабекұлы

-

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі (келісім бойынша)

Қасымов
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

Абаев
Дәурен Әскербекұлы

-

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі

Біртанов
Елжан Амантайұлы

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

-

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

Байбек
Бауыржан Қыдырғалиұлы

-

Алматы қаласының әкімі

Исекешев
Әсет Өрентайұлы

-

Астана қаласының әкімі

Бақтиярұлы
Мұрат

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Ерғалиев
Жабал Ерғалиұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Смағұл
Бақытбек

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Тілеухан
Бекболат Қанайұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Тілеуберді
Мұхтар Бескенұлы

-

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары

Суханбердиева
Эльмира Амангелдіқызы

-

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

Нүкенов
Абзал Нүкенұлы

-

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі

Нұрымбетов
Біржан Бидайбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Мұқибек Ауыт

-

"Нұр Отан" партиясының орталық аппараты республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты (келісім бойынша)

Шорманов
Ербол Әлімқұлұлы

-

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Мамашев
Талғат Асылұлы

-

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

Сұлтанов
Арман Тұрлыханұлы

-

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының даму жөніндегі вице-президенті (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 17 сәуірдегі
44-ө өкімімен
бекітілген

Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар, мың теңге

1.

2

3

4

5

6


1. Ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету

1.

Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің отырыстарын дайындау және өткізу

хаттама

МСМ

2017 жылғы 10 мамыр - 10 маусым

талап етілмейді

2.

Құрылтайдың делегаттарын мемлекеттік органдарға бекіту (қарсы алу, шығарып салу, бірге жүру)

қарсы алу, шығарып салу және бірге жүру кестелері

МСМ, Астана қаласының әкімдігі, мүдделі мемлекеттік органдар, ДҚҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы 10 мамыр

талап етілмейді

3.

Құрылтай делегаттарының тізімін жасау, шақыру қағаздарын жіберу, визалар ашу және жол шығынын төлеу

делегаттардың тізімі

МСМ, СІМ, ІІМ, ДҚҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы 10 мамыр - 10 маусым

021 "Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту" республикалық бюджеттік бағдарламасы 55500,0 мың теңге

4.

Залды жалға алу, жабдықтау (байланыс қызметтерін, коммуналдық төлемдерді төлеу және т.б.) кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету, бейне және суретке түсіру, құрылтайдың кәдесыйларына логотиптер жасау

орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілері

МСМ, ДҚҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы 20- 28 маусым

021 республикалық бюджеттік бағдарлама 10661,0 мың теңге

5.

Құрылтайға қатысушылар үшін үлестіру материалдарын дайындау (шақыру билеттері, конверттер, бейдждер, бағдарламалар және т.б.)

таратылатын материалдар пакеті

МСМ, ДҚҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы 20 мамыр - 20 маусым

021 республикалық бюджеттік бағдарлама 1420,0 мың теңге

6.

Құрылтай делегаттарының теміржол көлігімен Алматы - Астана-Алматы бағыты бойынша жол жүруін қамтамасыз ету

жол жүруін ұйымдастыру

МСМ, ДҚҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы 20-28 маусым

021 республикалық бюджеттік бағдарлама 6000,0 мың теңге

7.

Құрылтайға қатысушылар үшін естелік кәдесыйлар (футболка, бейсболкалар және т.б.) дайындау

тізім бойынша кәдесыйлар

МСМ, ДҚҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы 20 мамыр

021 республикалық бюджеттік бағдарлама 9167,0 мың теңге

8.

Қаланың құрылтай өтетін жерлерін, әуежайды және қатысушылар мен қонақтар жүретін бағыттарды безендіру

билбордтар, ұрандар мен пилоналар орналастыру

Астана қаласының әкімдігі

2017 жылғы маусым

талап етілмейді

9.

Құрылтай өткізілетін жерлерде медициналық көмекті ұйымдастыру

медициналық көмек пункттері

Астана қаласының әкімдігі, ДСМ

2017 жылғы 22-25 маусым

талап етілмейді

10.

Құрылтай өткізу кезеңінде қатысушылардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету

құрылтай өтетін орындардағы кезекшілік

ІІМ

2017 жылғы 22-25 маусым

талап етілмейді

11.

Құрылтай делегаттарын қарсы алу, шығарып салу және бірге жүруді (кестеге сәйкес), қонақ үйлерге орналастыруды, тамақтандыруды, сондай-ақ көлікпен қызмет көрсетуді ұйымдастыру

МСМ-ға ақпарат

МСМ, Астана қаласының әкімдігі, мүдделі мемлекеттік органдар, ДҚҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы 20-28 маусым

021 республикалық бюджеттік бағдарлама 68298,0 мың теңге

2. Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайын өткізу

12.

Құрылтай делегаттары үшін Астананың мәдени-тарихи орындарына экскурсиялар ұйымдастыру

экскурсия

МСМ, ДКҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы 22 маусым

021 республикалық бюджеттік бағдарлама 5928,0 мың теңге

13.

"Этно-ауыл" кешеніне баруды ұйымдастыру ("ЭКСПО-2017" көрмесі аясында)

кешенге бару

ДҚҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы 22 маусым

талап етілмейді

14.

"Астана-Опера" опера және балет театрында қатысушыларға опера көрсетуді ұйымдастыру

опера көрсетілімі

МСМ, ДҚҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы 22 маусым

талап етілмейді

15.

"Қазақ елі" монументіне салтанатты түрде гүл шоқтарын қоюды ұйымдастыру

гүл шоқтарын қою

МСМ, Астана қаласының әкімдігі, ДҚҚ(келісім бойынша)

2017 жылғы 23 маусым

талап етілмейді

16.

Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайының салтанатты ашылуын ұйымдастыру

ашылу рәсімі

МСМ,ДҚҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы 23 маусым

талап етілмейді

17.

"ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне баруды ұйымдастыру

көрмеге бару

Астана қаласының әкімдігі, "Астана- ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ, (келісім бойынша) ДҚҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы 24 маусым

талап етілмейді

18.

Қазақстан Республикасы Президентінің атынан салтанатты қабылдауды ұйымдастыру

салтанатты қабылдау

ПІБ (келісім бойынша), МСМ, ДҚҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы 23 маусым

талап етілмейді

19.

| Құрылтай делегаттарының қатысуымен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру

дөңгелек үстелдер ұйымдастыру

АКМ, ДІАҚМ, БҒМ, ІІМ, Еңбекмині, АШМ, ИДМ, ДҚҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы 24 маусым

талап етілмейді

20.

"Х.Алтай және қайта оралған тарих" атты халықаралық конференция ұйымдастыру

халықаралық конференция ұйымдастыру

МСМ, ДҚҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы 24 маусым

талап етілмейді

3. Ақпараттық қамтамасыз ету

21.

Қолданыстағы бағдарламалар аясында құрылтай делегаттарымен сұхбат ұйымдастыру

телебағдарлама

АКМ, МСМ, ДҚҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы 24 маусым

талап етілмейді

22.

Ақпараттық материалдар (билбордтар, жарнамалық бейнероликтер, баспасөз хабарламалар және ілеспе аударманы ұйымдастыру) дайындау

Ақпараттық материалдар дайындау

МСМ, ДҚҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы мамыр-маусым

021 республикалық бюджеттік бағдарлама 3000,0 мың теңге

23.

Қазақстандық БАҚ-та іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету

БАҚ-та ақпарат орналастыру

АКМ

2017 жылғы 20-28 маусым

талап етілмейді

24.

Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайын өткізу туралы қорытынды ақпарат

МСМ-ға ақпарат

АКМ, ІІМ, ДІАҚМ, ИДМ, СІМ, ДСМ, БҒМ, Еңбекмині АШМ, ПІБ (келісім бойынша), ДҚҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы 28 маусым

талап етілмейді






Барлығы: республика лық бюджеттен 159 974,0 мың теңге

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АКМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      ДІАҚМ - Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

      ИДМ - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

      СІМ - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      БҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      ПІБ - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

      ДҚҚ - Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

      "Астана-ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ - "Астана-ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады