1. Қоса беріліп отырған "Коллекторлық қызмет туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары (келісім бойынша):
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын белгіленген тәртіппен әзірлесін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 62-ө өкімімен бекітілді |
"Коллекторлық қызмет туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орған | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық актілерді сапалы, уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ҰБ (келісім бойынша) | 2017 жылғы шілде | Д.Т. Ғалиева |
2. | Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша), ҰЭМ, АКМ | 2017 жылғы шілде | О.А. Смоляков |
3. | Коллекторлық агенттіктің сақталуға жататын негізгі құжаттарының тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша), МСМ | 2017 жылғы шілде | О.А. Смоляков |
4. | Коллекторлық агенттік есептілігінің тізбесін, нысандарын, оны ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша), ҰЭМ | 2017 жылғы шілде | Ғ.О. Пірматов |
5. | Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа да тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің ұсыну қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2017 жылғы шілде | О.А. Смоляков |
6. | Коллекторлық агенттіктердің қызметін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бірлескен бұйрығы мен қаулысы | ҰБ (келісім бойынша), ҰЭМ | 2017 жылғы шілде | О.А. Смоляков |
7. | Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2017 жылғы шілде | Ғ.О. Пірматов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АКМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі