Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 63-VІ ҚРЗ.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат):

      1) мазмұнында 214 және 223-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "214-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік немесе коллекторлық қызмет";

      "223-бап. Коммерциялық не банктiк құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлiктi жария етумен байланысты ақпаратты заңсыз алу, жария ету немесе пайдалану";

      2) 214-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

"214-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік немесе коллекторлық қызмет";

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кәсiпкерлiк қызметті, банктік қызметтi (банк операцияларын) немесе коллекторлық қызметті тiркеусіз, сол сияқты осындай қызмет үшін міндетті лицензиясыз не Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу, егер бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде кіріс алумен немесе акцизделетін тауарларды айтарлықтай мөлшерде өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен ұштасса, –";

      3) 223-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

"223-бап. Коммерциялық не банктiк құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлiктi жария етумен байланысты ақпаратты заңсыз алу, жария ету немесе пайдалану";

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Коммерциялық немесе банктік құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлiктi жария ету рәсімін өткізуге байланысты ақпаратты құжаттарды ұрлау, коммерциялық немесе банктік құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын бiлетiн адамдарды немесе олардың жақындарын параға сатып алу немесе оларды қорқыту, байланыс құралдарында ұстап алу, компьютерлiк жүйеге немесе желiге заңсыз кiру, арнайы техникалық құралдарды пайдалану арқылы, сол сияқты бұл мәлiметтердi жария ету не заңсыз пайдалану мақсатында өзге де заңсыз тәсiлмен жинау –";

      екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Өзіне коммерциялық немесе банктік құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтер қызметі немесе жұмысы бойынша сенiп тапсырылған адамның оларды иеленушісінiң келiсiмiнсiз, пайдакүнемдiк немесе өзге де жеке басының мүддесiнде жасаған және ірі залал келтірген заңсыз жария етуі немесе пайдалануы –".

      2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат):

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 211-1 және 211-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "211-1-бап. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзу

      211-2-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның бұзуы";

      2) 47-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "6. Коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүзеге асырады.";

      3) 211-бапта:

      бесінші бөліктің бірінші абзацы "Микроқаржы ұйымдарының", "микроқаржы ұйымының" деген сөздерден кейін тиісінше ", микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалардың", "микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "7. Микроқаржы ұйымының, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның микрокредит беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтуы –

      бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе. Осы баптың бесінші және жетінші бөліктерінің мақсаттары үшін микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға деп коллекторлық агенттік, микроқаржы ұйымы, секьюритилендiру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы түсініледі.";

      4) мынадай мазмұндағы 211-1 және 211-2-баптармен толықтырылсын:

"211-1-бап. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзу

      1. Коллекторлық агенттіктің мынадай жосықсыз әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса:

      1) борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимылдың "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген өзге де тәсілдерін пайдалануы;

      2) кредиторға тиісті шарт шеңберінде коллекторлық қызмет бойынша қызметтер көрсету кезінде борышкерден берешекті өтеу есебінен ақшаны (қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдауы;

      3) кредиторға тиісті шарт шеңберінде коллекторлық қызмет бойынша қызметтер көрсету кезінде берешекті ақшадан басқа, өзге де мүлікпен өтеуді талап етуі;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредитордан және (немесе) оның өкілінен және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуі –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      2. "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жосықсыз әрекеттерді қоспағанда, коллекторлық агенттіктің коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бұзуы –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Коллекторлық агенттіктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ақпаратты бермеуі, сол сияқты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) уақтылы бермеуі не коллекторлық агенттіктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін мәліметтерді қамтымайтын ақпарат беруі не сұратылатын өзге ақпаратты бермеуі, сол сияқты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) уақтылы бермеуі не анық емес ақпарат не көрінеу анық емес мәліметтер беруі –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

211-2-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның бұзуы

      1. Банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында не Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтамай өзгерту –

      бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Жеке тұлғамен жасасылған банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның оны "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржы ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген өзге де тұлғаларға қайта беруі –

      бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Талап ету құқығын басқаға беру шарты бойынша кредитордың құқықтары (талап етулері) өткен кезде борышкерден банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта көзделмеген комиссиялар мен төлемдер алу –

      бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпелер.

      1. Осы баптың мақсаттары үшін банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға деп коллекторлық агенттік, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы түсініледі.

      2. Осы баптың мақсаттары үшін микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға деп коллекторлық агенттік, микроқаржы ұйымы, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы түсініледі.";

      5) 212-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "4. Коллекторлық агенттіктердің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етiлетiн есептілікті ұсынбауы, сол сияқты бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы ұсынбауы немесе көрінеу анық емес есептілікті ұсынуы –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      6) 213-бапта:

      оныншы, он екінші және он үшінші бөліктердің бірінші абзацтары "ұйымдардың" деген сөздерден кейін ", банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы он төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "14. Банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның, банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның банктік қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтуы –

      бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе. Осы баптың оныншы, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінің мақсаттары үшін банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға деп коллекторлық агенттік, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы түсініледі.";

      7) 227-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "4. Коллекторлық агенттіктің өзi қабылдаған және (немесе) оған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шектеулi ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген мiндеттердi орындамауы, уақтылы орындамауы –

      бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.".

      8) 724-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Кодекстiң 91 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 186, 206, 208, 210, 211 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 211-1, 211-2, 212, 213, 215, 217, 218, 220, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы бөліктерінде), 229, 230 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 231, 232, 239 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 242, 243, 244, 247 (төртінші және сегізінші бөліктерінде), 252 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 253, 254, 255, 256, 257, 258, 259, 260, 261, 262, 263, 264, 265, 286, 464 (бірінші бөлігінде), 497 (жиналуы өзінің құзыретiне кіретін бастапқы статистикалық деректер бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      9) 806-баптың алтыншы бөлігіндегі "227 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздер "227 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар):

      138-бап мынадай мазмұндағы 60-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "60-1) коллекторлық агенттіктердің қызметіне;".

      4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат):

      1) 15-баптың екінші бөлігінде:

      мынадай мазмұндағы 65-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "65-1) коллекторлық агенттіктің есептілікті ұсыну мерзімдерін, тәртібін, сондай-ақ нысанын;";

      69) тармақша "қаржы ұйымдарын" деген сөздерден кейін ", кредиттік бюроларды, микроқаржы ұйымдарын және коллекторлық агенттіктерді" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 20-4-баптың 4-тармағының бірінші абзацы "микроқаржы ұйымдарының," деген сөздерден кейін "коллекторлық агенттіктердің," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 61-бапта:

      1-тармақ "микроқаржы ұйымдары" деген сөздерден кейін ", коллекторлық қызмет" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Ұлттық Банкі коллекторлық агенттіктердің қызметін бақылауды ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалатын тексеру нысанында немесе осы Заңға сәйкес бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарында жүзеге асырады.";

      4) 62-5-бап 20) тармақшасындағы "жүргізу жолымен жүзеге асырады." деген сөздер "жүргізу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:

      "21) Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысында коллекторлық агенттіктердің қызметін талдау, сондай-ақ "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес коллекторлық агенттік ұсынған мәліметтерді, құжаттарды және аудио- және (немесе) бейнежазба материалдарын (болған кезде) талдау жолымен жүзеге асырады.".

      5. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      1) 34-бап мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:

      "14. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға берген кезде, қарыз алушының құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғамен құқықтық қатынастарына Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен банктік қарыз шарты шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің күші қолданылады.

      Өзіне құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен банктік қарыз шарты шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.";

      2) 36-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі болған кезде, бірақ ол басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен және мерзімдерде қарыз алушыны:

      1) мерзімі өткен берешектің мөлшерін көрсете отырып, банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді енгізу қажеттігі;

      2) қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдарлары туралы хабардар етуге міндетті.

      Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушыны хабардар ету үшін коллекторлық агенттікті тартуға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2 және 2-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушы – жеке тұлға банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) баруға және өзінің банктік қарыз шартының талаптарына, оның ішінде:

      1) банктік қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгертуге;

      2) шет ел валютасымен берілген банктік қарыз бойынша негізгі борыштың қалдық сомасының валютасын ұлттық валютаға өзгертуге;

      3) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға;

      4) берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгертуге;

      5) банктік қарыз шартының қолданылу мерзімін өзгертуге;

      6) мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіруге, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) күшін жоюға байланысты өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың мерзімі өтуінің туындау себептері, кірістер және басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы жазбаша өтініш ұсынуға құқылы.

      1-2. Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушының жазбаша өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде банктік қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістерді қарайды және қарыз алушыға:

      1) банктік қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні;

      2) банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту бойынша өзінің ұсыныстары;

      3) банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, осындай бас тарту туралы жазбаша нысанда хабарлайды.";

      "2-1. Қарыз алушы осы баптың 1-1-тармағында көзделген құқықты іске асырмаған, сондай-ақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған не қарыз алушы мен банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) арасында банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуге келісім болмаған жағдайларда, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) осы баптың 2-тармағында көзделген шаралардан басқа:

      1) берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге құқылы.

      Банктік қарыз шартында қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуіне жол берген жағдайда банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) коллекторлық агенттікті тартуға құқығы болған кезде, берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге жол беріледі.

      Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда және реттеуде болған кезеңде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым):

      сотқа берешекті өндіріп алу туралы талап қойып жүгінуге;

      берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезеңде есепке жазылған сыйақыны төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес;

      2) қарыз алушыда банктік қарыз шарты бойынша – қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асатын, жеке тұлғаға берілген ипотекалық қарыз бойынша қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күннен асатын міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі болған кезде, банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) осы Заңның 36-1-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғаға беруге құқылы емес.".

      3) мынадай мазмұндағы 36-1-баппен толықтырылсын:

      "36-1-бап. Берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге беру немесе құқықты (талап етуді) басқаға беру тәртібі

      1. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның коллекторлық агенттікпен осындай шарт жасасу жағдайларын қоспағанда, оның үшінші тұлғалармен нысанасы берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау жөнінде қызметтер көрсету болып табылатын шарт (бұдан әрі – берешекті өндіріп алу туралы шарт) жасасуына тыйым салынады.

      2. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның коллекторлық агенттікпен берешегі тұрғынжай түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген жеке тұлғаға қатысты берешекті өндіріп алу туралы шарт жасасуына жол берілмейді.

      3. Мынадай талаптардың бірі сақталған кезде:

      құқықтарды (талап етулерді) сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген осындай ұйым қызметі түрлерінің бірі болып табылғанда;

      құқықтарды (талап етулерді) сатып алу жеке тұлғаларды қолдау жөніндегі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар немесе мемлекеттік органдардың құқықтық актілері шеңберінде жүзеге асырылғанда, құқықты (талап етуді) жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі ұйымдарға беруді қоспағанда, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жеке тұлғамен жасалған және тұрғынжай түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.

      4. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқықты (талап етуді) мынадай тұлғаларға:

      коллекторлық агенттікке;

      банкке;

      банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға;

      бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымына;

      екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға;

      секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына беруін қоспағанда, оның банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.

      Осы тармақтың талаптары осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе банктік қарыз шартында өзгеше көзделмесе, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) қарыз алушының келісімінсіз басқаға беруге құқылы емес.

      6. Банктік қарыз шарты бойынша бір қарыз алушыға қатысты құқықты (талап етуді) бірнеше тұлғаға беруге жол берілмейді.

      7. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктік қарыз шарты бойынша құқығының (талап етуінің) үшінші тұлғаға өтуі талаптары қамтылған шарт (бұдан әрі – талап ету құқығын басқаға беру шарты) жасалған кезде, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым:

      1) талап ету құқығын басқаға беру шарты жасалғанға дейін қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) құқықтардың (талап етулердің) үшінші тұлғаға өту мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай басқаға беруге байланысты қарыз алушының дербес деректерінің өңделетіні туралы банктік қарыз шартында көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен хабардар етуге;

      2) талап ету құқығын басқаға беру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) банктік қарызды өтеу жөніндегі бұдан былайғы төлемдердің үшінші тұлғаға (банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) өткен тұлғаның атауы және тұрған жері) тағайындалатынын, берілген құқықтардың (талап етулердің) толық көлемін, сондай-ақ негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының және төленуге жататын басқа да сомалардың қалдықтарын көрсете отырып, құқықтың (талап етудің) үшінші тұлғаға өткені туралы банктік қарыз шартында көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен хабардар етуге;

      3) банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) өзіне өткен тұлғаға мынадай құжаттардың:

      кепіл нысанасына (егер банктік қарыз кепілмен қамтамасыз етілген жағдайда) құқық белгілеуші құжаттардың;

      кепілгерлік немесе кепiлдiк шарттарының (егер банктік қарыз бойынша міндеттемелерді орындау кепілгерлікпен немесе кепiлдiкпен қамтамасыз етілген жағдайда);

      қарыз алушының құқық (талап ету) басқаға берілген күнгі берешегінің есептеулерінің;

      қарыз алушымен наразылық хат алмасудың;

      қарыз алушының – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, қарыз алушының – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының;

      қарыз алушының берешекті өтегенін растайтын құжаттардың;

      кепілге салынған мүлікті өткізу жөніндегі құжаттардың;

      талап ету құқығын басқаға беру шартына сәйкес өзге де құжаттардың түпнұсқаларын және (немесе) көшірмелерін беруге міндетті.

      Қарыз алушыға қойылатын барлық құқықтар (талап етулер) басқаға берілген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым өзінде бар барлық құжаттардың түпнұсқаларын банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаға береді.

      Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым), банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға банктік қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың тұпнұсқаларын жоғалтқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      Қарыз алушыға қойылатын құқықтардың (талап етулердің) бір бөлігі басқаға берілген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осындай құқықтарды (талап етулерді) куәландыратын құжаттардың түпнұсқаларын сақтауға және көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) ішінара берілген тұлғаға беруге құқылы;

      4) талап ету құқығын басқаға беру шартын жасасқаннан кейін төлемдердің әрбір қарыз алушы бөлінісінде таратып жазылуын бере отырып, қарыз алушылардан алынған ақшаны банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның банктік шотына берешекті өтеу есебіне аударуға міндетті.

      8. Сатып алынған құқықты (талап етуді) бастапқы кредиторға кері сатуды (қайтаруды), құқықты (талап етуді) коллекторлық агенттіктерге, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына, сондай-ақ өзге де банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беруді (қайта беруді) қоспағанда, жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқығы (талап етуі) берілген тұлғаның осындай құқықты (талап етуді) өзге тұлғаларға қайта беруіне тыйым салынады.";

      4) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "37-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімі

      Банктердің, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктердің еншілес ұйымдарының, осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымның, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның қарыз алушыларға банктік қарыз шарттарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны жөнінде қоятын талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды.";

      5) 40-1-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі "мақсатында" деген сөзден кейін ", сондай-ақ, осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларда" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Банк омбудсманы жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы және осындай қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға арасында туындайтын келіспеушіліктерді қарыз алушының жүгінуі негізінде реттеуді жүзеге асырады.

      Банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға өзі банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін сатып алған қарыз алушы жүгінген кезде банк омбудсманымен өзара іс-қимыл жасасуға және банк омбудсманы сұратқан кез келген ақпарат пен мәліметтерді беруге міндетті.";

      6) 40-3-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың талаптары осы Заңның 40-1-бабы 1-1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда қарыз алушының – жеке тұлғаның жүгінуіне қолданылады.";

      4-тармақта:

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 40-1-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайда қарыз алушының – жеке тұлғаның жүгінуі бойынша банк омбудсманы тараптардың осы бапта көзделген шешімді қабылдамай-ақ, кездесулер өткізу және ұсынымдар беру арқылы өзара қолайлы нәтижеге қол жеткізуіне жәрдемдеседі.";

      екінші бөлік "банктің," деген сөзден кейін "банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 50-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың 4 – 8, 8-1-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздерінің қызметтік мiндеттерiн жүзеге асыруына орай банк құпиясын құрайтын мәлiметтерге қолжетімділік алған банктердің, Қазақстан Республикасы резиденттерінің-банк холдингтерінің, осы баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 8), 8-1) және 8-2) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары, жұмыскерлерi және өзге де тұлғалар оларды жария еткенi үшiн қылмыстық жауаптылықта болады.";

      4-тармақтың екінші бөлігінде:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) банктердің негізгі борыш және (немесе) есепке жазылған сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар кредит (қарыз) бойынша құқықтар (талап етулер) басқаға берілген кезде, осы кредитке (қарызға) байланысты ақпаратты осы Заңның 36-1-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға беруі;";

      мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-2) банктердің коллекторлық агенттікке осы коллекторлық агенттікпен берешекті өндіріп алу туралы жасасқан шарт шеңберінде кредит (қарыз) бойынша ақпарат беруі;";

      6-тармақта:

      а) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "а) қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға: мөрмен расталған және прокурор санкциялаған жазбаша сұрау салу негізінде, олардың іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істер бойынша;";

      б) тармақшадағы "негізінде олар жүргізіліп" деген сөздер ", қаулысы, шешімі және үкімі негізінде олардың іс жүргізуінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-2-тармақтағы "ипотекалық қарыз" деген сөздер "банктік қарыз" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      1) 1-бапта:

      5) тармақша "микроқаржы ұйымына" деген сөздерден кейін ", коллекторлық агенттікке" деген сөздермен толықтырылсын;

      13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-1) кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат – заңды тұлға болып табылатын кредиттік тарих субъектісінің сот шешімімен таратылуы туралы немесе кредиттік тарих субъектісінің күнтізбелік тоқсан күннен асатын мерзімі өтіп кеткен берешегінің болуы туралы мәліметтерді қамтитын, кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есептің қысқаша нысаны;";

      2) 11-бапта:

      1-тармақтың бірінші және екінші бөліктері "микроқаржы ұйымына" деген сөздерден кейін ", коллекторлық агенттікке" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-3-тармақтың бірінші бөлігі "микроқаржы ұйымы" деген сөздерден кейін ", коллекторлық агенттік" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 18-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер;";

      4) 20-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер;";

      5) 24-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Коллекторлық агенттіктер банктік қарыз шарттары, микрокредит беру туралы шарттар бойынша банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, микроқаржы ұйымдарынан сатып алынған құқықтар (талап етулер) бойынша кредиттік бюроларға ұсынатын ақпаратта:

      1) берешек сатып алынған күнгі негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын қамтитын берешектің жалпы сомасы;

      2) борышты сатып алу күні;

      3) борышты (график бойынша және нақты) өтеу күні;

      4) міндеттемелердің құрамы және оларды орындауды қамтамасыз ету тәсілдері туралы ақпарат;

      5) бар болған кезде, кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат;

      6) тараптардың келісуі бойынша өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.".

      7. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      42-бапта:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақшада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының асып кетуін айқындау кезінде есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығы сомасында:";

      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:

      "агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым жазып берген шот-фактуралар;

      салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалар бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер (оның ішінде осындай пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке алынбайды.".

      8. "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 126-құжат):

      1) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға берген кезде, қарыз алушының құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғамен құқықтық қатынастарына Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің күші қолданылады.

      Өзіне құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.";

      2) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) қарыз алушыда микрокредит беру туралы шарт бойынша қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асатын міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі болған кезде, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) осы Заңның 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғаға беруге;";

      3) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) микрокредит беру туралы өзі жасасқан шарт бойынша құқық (талап ету) басқаға берілген жағдайда, осы Заңның 9-1-бабы 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғамен келіспеушіліктерді реттеу үшін банк омбудсманына жүгінуге құқығы бар. Көрсетілген құқық жеке тұлға болып табылатын қарыз алушыға қолданылады;";

      4) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:

"9-1-бап. Берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге немесе құқықты (талап етуді) басқаға беру тәртібі

      1. Микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікпен осындай шарт жасасу жағдайларын қоспағанда, оның үшінші тұлғалармен нысанасы берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ қарыз алушының берешегіне байланысты ақпарат жинау жөнінде қызметтер көрсету болып табылатын шарт (бұдан әрі – берешекті өндіріп алу туралы шарт) жасасуына тыйым салынады.

      Микрокредит беру туралы шартта қарыз алушы микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуіне жол берген жағдайда микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікті тартуға құқығы болған кезде берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге жол беріледі.

      2. Микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікпен берешегі тұрғынжай түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген жеке тұлғаға қатысты берешекті өндіріп алу туралы шарт жасасуына жол берілмейді.

      3. Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда және реттеуде болған кезеңде микроқаржы ұйымы:

      сотқа берешекті өндіріп алу туралы талап қойып жүгінуге;

      берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезеңде есепке жазылған сыйақыны төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес.

      4. Мынадай талаптардың бірі сақталған кезде:

      құқықтарды (талап етулерді) сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген осындай ұйым қызметі түрлерінің бірі болып табылғанда;

      құқықтарды (талап етулерді) сатып алу жеке тұлғаларды қолдау жөніндегі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар немесе мемлекеттік органдардың құқықтық актілері шеңберінде жүзеге асырылғанда, құқықты (талап етуді) жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі ұйымдарға беруді қоспағанда, микроқаржы ұйымының жеке тұлғамен жасасылған және тұрғынжай түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.

      5. Микроқаржы ұйымының құқықты (талап етуді) мынадай тұлғаларға:

      коллекторлық агенттікке;

      микроқаржы ұйымына;

      секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына беруін қоспағанда, оның микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.

      Осы тармақтың талаптары осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

      6. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе микрокредит беру туралы шартта өзгеше көзделмесе, микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) қарыз алушының келісімінсіз басқаға беруге құқылы емес.

      7. Микрокредит беру туралы шарт бойынша бір қарыз алушыға қатысты құқықты (талап етуді) бірнеше тұлғаға беруге жол берілмейді.

      8. Микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы шарт бойынша құқығының (талап етуінің) үшінші тұлғаға өтуі талаптары қамтылған шарт (бұдан әрі – талап ету құқығын басқаға беру шарты) жасасылған кезде, микроқаржы ұйымы:

      1) талап ету құқығын басқаға беру шарты жасасылғанға дейін қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) құқықтардың (талап етулердің) үшінші тұлғаға өту мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай басқаға беруге байланысты қарыз алушының дербес деректерінің өңделетіні туралы микрокредит беру туралы шартта көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен хабардар етуге;

      2) талап ету құқығын басқаға беру шарты жасасылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) микрокредитті өтеу жөніндегі бұдан былайғы төлемдердің үшінші тұлғаға (микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) өткен тұлғаның атауы және тұрған жері) тағайындалатынын, берілген құқықтардың (талап етулердің) толық көлемін, сондай-ақ, негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының және төленуге жататын басқа да сомалардың қалдықтарын көрсете отырып, құқықтың (талап етудің) үшінші тұлғаға өткені туралы микрокредит беру туралы шартта көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен хабардар етуге;

      3) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) өзіне өткен тұлғаға мынадай құжаттардың:

      кепіл нысанасына (егер микрокредит кепілмен қамтамасыз етілген жағдайда) құқық белгілеуші құжаттардың;

      кепілгерлік немесе кепiлдiк шарттарының (егер микрокредит бойынша міндеттемелерді орындау кепілгерлікпен немесе кепiлдiкпен қамтамасыз етілген жағдайда);

      қарыз алушы берешегінің құқық (талап ету) басқаға берілген күнгі есептеулерінің;

      қарыз алушымен наразылық хат алмасудың;

      қарыз алушының – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, қарыз алушының – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының;

      қарыз алушының берешекті өтегенін растайтын құжаттардың;

      кепілге салынған мүлікті өткізу жөніндегі құжаттардың;

      талап ету құқығын басқаға беру шартына сәйкес өзге де құжаттардың түпнұсқаларын және (немесе) көшірмелерін беруге міндетті.

      Қарыз алушыға қойылатын барлық құқықтар (талап етулер) басқаға берілген жағдайда, микроқаржы ұйымы өзінде бар барлық құжаттардың түпнұсқаларын микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаға береді.

      Қарыз алушыға қойылатын құқықтардың (талап етулердің) бір бөлігі басқаға берілген жағдайда, микроқаржы ұйымы осындай құқықтарды (талап етулерді) куәландыратын құжаттардың түпнұсқаларын сақтауға және көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) ішінара берілген тұлғаға беруге құқылы.

      Микроқаржы ұйымы, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға микрокредит беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың тұпнұсқаларын жоғалтқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      4) талап ету құқығын басқаға беру шартын жасасқаннан кейін төлемдердің әрбір қарыз алушы бөлінісінде таратып жазылуын бере отырып, қарыз алушылардан алынған ақшаны микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның банктік шотына берешекті өтеу есебіне аударуға міндетті.

      9. Сатып алынған құқықты (талап етуді) бастапқы кредиторға кері сатуды (қайтаруды), құқықты (талап етуді) коллекторлық агенттіктерге, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына, сондай-ақ өзге де микроқаржы ұйымдарына беруді (қайта беруді) қоспағанда, жеке тұлғамен жасасылған микрокредит беру туралы шарт бойынша микроқаржы ұйымының құқығы (талап етуі) өткен тұлғаның осындай құқықты (талап етуді) өзге тұлғаларға қайта беруіне тыйым салынады.";

      5) 21-бапта:

      3-тармақтағы "4 және 5-тармақтарында" деген сөздер "4, 5, 5-1 және 6-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      1) тармақшадағы "анықтау және алдын ала тергеу органдарына:" деген сөздер "қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға:" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға: өзі жөнінде соттың банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаға қатысты, банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейін бес жыл ішіндегі кезең үшін прокурордың санкциясымен беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Микрокредит беру құпиясы банк омбудсманына оның қарауында жатқан, қарыз алушылардың – жеке тұлғалардың өзі бойынша құқық (талап ету) осы Заңның 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген тұлғаға берілген микрокредит беру туралы шарттан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі жүгінулері бойынша ашылуы мүмкін.";

      6-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) микроқаржы ұйымдарының негізгі борыш және (немесе) есепке жазылған сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар микрокредитке байланысты ақпаратты осы Заңның 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға беруі;";

      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) микроқаржы ұйымдарының коллекторлық агенттікке осы коллекторлық агенттікпен берешекті өндіріп алу туралы жасасқан шарт шеңберінде микрокредит жөнінде ақпарат беруі микрокредит беру құпиясының ашылуы болып табылмайды.".

      6) 28-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "осы Заңның" деген сөздер "Қазақстан Республикасы заңдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат):

      2-қосымша мынадай мазмұндағы 29-1-жолмен толықтырылсын:

      "

29-1.

Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу

Коллекторлық агенттіктің коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілгені туралы хабарламасы

Мерзімсіз рұқсат;
конкурс рәсімін қолдануға келмейді;
рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды ".

      10. Алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 22, 116-құжат):

      1-бапта:

      2-тармақтың 136) тармақшасының бесінші абзацы "уәкілетті орган" деген сөздерден кейін "Апелляциялық комиссияның шешімін ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақтың 18) тармақшасының жиырма алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шағымды қарау аяқталғаннан кейін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Апелляциялық комиссияның шешімін ескере отырып, жазбаша нысанда уәжді шешім шығарады.".

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2-бап.

      1. Осы Заң, мыналарды:

      1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 7-тармағын;

      2) 2017 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 5-тармағы 2) тармақшасының жиырма бірінші абзацын, 4) тармақшасын, 8-тармағы 4) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2. Осы Заңның 1-бабының 5-тармағы 2) тармақшасының жиырма бірінші абзацын және 8-тармағының 4) тармақшасы төртінші абзацының талаптары 2017 жылғы 1 қазаннан бастап жасасылған банктік қарыз шарттарына немесе микрокредит беру туралы шарттарға қолданылады деп белгіленсін.

      3. Осы Заңның 1-бабының 5-тармағы 4) тармақшасының талабы 2017 жылғы 1 қазанға дейін жасасылған банктік қарыз шарттарына қолданылмайды деп белгіленсін.

      4. Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде нысанасы "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған коллекторлық қызметтің белгілеріне сәйкес келетін қызметтерді көрсету болып табылатын, жеке және (немесе) заңды тұлғалармен жасасылған шарттарды бұзуға міндетті.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талап орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдануға құқылы.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады