"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығының 119-2-тармағына сәйкес:
1. "Ұлттық инвестициялық стратегия" үкіметтік бағдарламасының жобасы (бұдан әрі - Бағдарлама жобасы) бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Қасымбек | - | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, жетекші |
Хаиров | - | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі, жетекшінің орынбасары |
Тұяқбаев | - | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы, хатшы |
Еңсегенов | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы (келісім бойынша) |
Рау | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет бойынша Комитеттің мүшесі (келісім бойынша) |
Исаева | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Сарбасов | - | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы |
Жарылғасова | - | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры |
Игембаев | - | Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаментінің директоры |
Исабеков | - | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық саясаты департаментінің директоры |
Қазанбаев | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры |
Қинаятов | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің директоры |
Құрмашева | - | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары |
Исаев | - | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары |
Нұрсейітов | - | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары |
Омаров | - | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық саясат департаментінің бірінші хатшысы |
Ізмағамбетов | - | "Kazakh Invest" ҰК" акционерлік қоғамының Талдау департаментінің бас менеджері (келісім бойынша) |
Ыдрысов | - | "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Жақыпова | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің "Экономикалық зерттеу институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Ыдырысова | - | "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Өнеркәсіп және бәсекеге қабілеттілік департаменті директорының міндетін атқарушы (келісім бойынша) |
Кәкішев | - | "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының бастамалар іздеу бойынша департаментінің директоры (келісім бойынша) |
Тұраров | - | "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының сыртқы қарыздар және инвесторлармен өзара іс-қимыл департаментінің директоры (келісім бойынша) |
Байдашева | - | "Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі" қауымдастығының директоры (келісім бойынша) |
Хамбар | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің "Экономикалық зерттеу институты" АҚ реттеу ортасын талдау орталығының директоры (келісім бойынша) |
Оспанов | - | Қазақстандағы Еуропа бизнес-қауымдастығы корпоративтік саясат комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
Абақанов | - | Инвестициялар және даму жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі, "Қазақстан Республикасының энергетикалық үнемдеу және ресурс үнемдеу қоғамдық палатасы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Шеңгелбаев | - | Инвестициялар және даму жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі (келісім бойынша) |
2. Жұмыс тобы 2017 жылғы 24 шілдеге дейінгі мерзімде Бағдарламаны дайындау жобасы бойынша ұсыныстарды әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі 2017 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде Бағдарлама жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |