"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 38-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкімге 2-қосымшада:
Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы енгізілсін;
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын;
көрсетілген өкіммен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Комиссияның отырыстары шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ізгілік көмек көрсету туралы Қазақстан Республика Премьер-Министріне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарына (Комиссия төрағасы) жүгінгені туралы ақпараттың түскен күнінен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей, сондай-ақ Комиссия төрағасы айқындайтын өзге де жағдайларда және мерзімдерде өткізіледі.".
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |