Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 38-ө өкімі.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай консультативтік-кеңесші органдары құрылсын:

      1) Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің 07.08.2019 № 141-ө өкімімен.

      2) осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес құрамда Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 07.08.2019 № 141-ө өкімімен.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің 07.08.2019 № 141-ө өкімімен.

      2) Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 07.08.2019 № 141-ө өкімімен.

      3. Қызмет бабында пайдалану үшін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 38-ө өкіміне
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңестің құрамы

      Ескерту. Құрамының күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің 07.08.2019 № 141-ө өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 38-ө өкіміне
2-қосымша

Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 06.11.2017 № 150-ө; 26.01.2018 № 8-ө; 06.12.2019 № 222-ө; 29.01.2021 № 11-ө өкімдерімен; ҚР Үкіметінің 28.01.2022 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; ҚР Премьер-Министрінің 21.11.2023 № 182-ө; 17.04.2024 № 51-ө өкімдерімен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары, хатшы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 38-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңес туралы ереже

      Ескерту. Ереженің күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің 07.08.2019 № 141-ө өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 38-ө өкімімен
бекітілген

Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі — Комиссия) "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес құрылды.

      2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және халықаралық ізгілік көмек мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және қолданыстағы заңнамасын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Комиссияның отырыстары шет мемлекеттердің ізгілік көмек көрсету туралы ресми өтініштеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының тапсырмаларының келіп түсуіне қарай өткізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 06.12.2019 № 222-ө өкімімен.

      5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 29.01.2021 № 11-ө өкімімен.

2. Комиссияның міндеттері

      6. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының ізгілік көмек көрсетуіне, шетелдік ізгілік көмекті тартуына, алуына және пайдалануына байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне қажеттілігіне қарай халықаралық ізгілік көмек ісінің жағдайы туралы қорытылған мәліметтерді, сондай-ақ оз өкілеттіктерін орындау үшін қажетті басқа да ақпарат беру болып табылады.

3. Комиссияны ұйымдастыру мен жұмыс тәртібі

      7. Комиссияны ұйымдастыру мен жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 21.11.2023 № 182-ө өкімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады