1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті құқықтық актіні қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 166-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актіні сапалы және уақтылы әзірлеу мен енгізуге жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қорғанысмині | 2018 жылғы ақпан | Ә.Б. Сқақов |
2 | Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қорғанысмині | 2018 жылғы ақпан | Ә.Б. Сқақов |
3 | Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қорғанысмині | 2018 жылғы ақпан | Ә.Б. Сқақов |
4 | Қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қорғанысмині | 2018 жылғы ақпан | Ә.Б. Сқақов |
5 | "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғын жайларын құру және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1602 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰҚК (келісім бойынша) | 2018 жылғы ақпан | М.Ө. Қалқабаев |
6 | "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰҚК (келісім бойынша) | 2018 жылғы ақпан | М.Ө. Қалқабаев |
7 | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдары жасырын құрамының әскери қызметшілеріне тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | Қорғанысмині | 2018 жылғы ақпан | Т.С. Мұхтаров |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті