"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығының 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес:
1. Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспарды әзірлеуге конкурс ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Түркістан облысының әкімдігі Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспарды әзірлеуге конкурсты ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 86-ө өкімімен бекітілген |
Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспарды әзірлеуге конкурс ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ
Мамин | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға |
Ералиев | - | Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі, профессор, Халықаралық сәулетшілер академиясының корреспондент-мүшесі, төрағаның орынбасары |
Түймебаев | - | Түркістан облысының әкімі, төрағаның орынбасары |
Өскенбаев | - | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі, хатшы |
Әшірбаев | - | сәулетші, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты |
Бахирев | - | "Институт Генплана Москвы" мемлекеттік дербес мекемесінің Көлік-тасымалдау торабы және көлік инфрақұрылымын дамытуды ғылыми-өндірістік сүйемелдеу ғылыми-жобалау бірлестігінің басшысы |
Галимов | - | инженер-құрлысшы, Қазақстанның құрметті қайраткері, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан-Ресей университетінің құрметті профессоры, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы президентінің кеңесшісі |
Имажанов | - | "Казреставрация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының сәулетшісі, Қожа Ахмет Яссауи, Рабия Сұлтан Бегім кесенелерін, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің күзетілетін аймағын реставрациялау бойынша ғылыми-техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысушы |
Қыдыралин | - | Халықаралық Түркі академиясының президенті |
Қасеинов | - | "ТҮРКСОЙ" түркі мәдениеті халықаралық ұйымының Бас хатшысы |
Құлбайынбетов | - | Түркістан қаласының Ардагерлер кеңесінің төрағасы |
Ордабаев | - | Қазақстан Республикасының Құрметті сәулетшісі, сәулет профессоры |
Байтанаев | - | Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры (Алматы қаласы) |
Смағұлов | - | тарих ғылымдарының кандидаты, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері (Алматы қаласы), Институттың Ғылыми кеңесінің, Далалық комитетінің мүшесі, Орталық Азия археология және мәдениет тарихы саласындағы маман |
Тұяқбаева | - | Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген сәулетшісі, Шығыс елдерінің Халықаралық сәулет академиясының корреспондент-мүшесі, сәулет кандидаты |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 86-ө өкімімен бекітілген |
Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспарды әзірлеуге конкурс ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспарды әзірлеуге конкурс ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) конкурс өткізу және оның жеңімпазын айқындау мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
2. Комиссияның міндеттері
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспардың тұжырымдамасын әзірлеуге конкурстың шарттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспардың тұжырымдамасын әзірлеуге арналған конкурстық ұсыныстарды қарау;
3) Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспардың тұжырымдамасын әзірлеуге арналған конкурсқа қатысушылардың ішінен жеңімпазды анықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі
5. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.