Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспарды әзірлеуге конкурс ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 86-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығының 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес:

      1. Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспарды әзірлеуге конкурс ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссияның құрамы;

      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. Түркістан облысының әкімдігі Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспарды әзірлеуге конкурсты ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 23 шілдедегі
№ 86-ө өкімімен
бекітілген

Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспарды әзірлеуге конкурс ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ

Мамин
Асқар Ұзақбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға

Ералиев
Тоқтар Ералыұлы (Алматы қаласы)

-

Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі, профессор, Халықаралық сәулетшілер академиясының корреспондент-мүшесі, төрағаның орынбасары

Түймебаев
Жансейіт Қансейітұлы

-

Түркістан облысының әкімі, төрағаның орынбасары

Өскенбаев
Қайырбек Айтбайұлы

-

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі, хатшы

Әшірбаев
Бақытжан Құдайбергенұлы (Шымкент қаласы)

-

сәулетші, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Бахирев
Игорь Александрович (Мәскеу қаласы)

-

"Институт Генплана Москвы" мемлекеттік дербес мекемесінің Көлік-тасымалдау торабы және көлік инфрақұрылымын дамытуды ғылыми-өндірістік сүйемелдеу ғылыми-жобалау бірлестігінің басшысы

Галимов
Фарит Хабибрахманович (Астана қаласы)

-

инженер-құрлысшы, Қазақстанның құрметті қайраткері, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан-Ресей университетінің құрметті профессоры, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы президентінің кеңесшісі

Имажанов
Нұрғали Хамитұлы (Түркістан қаласы)

-

"Казреставрация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының сәулетшісі, Қожа Ахмет Яссауи, Рабия Сұлтан Бегім кесенелерін, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің күзетілетін аймағын реставрациялау бойынша ғылыми-техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысушы

Қыдыралин
Дархан Қуандықұлы

-

Халықаралық Түркі академиясының президенті

Қасеинов
Дүйсен Құрабайұлы (Анкара қаласы)

-

"ТҮРКСОЙ" түркі мәдениеті халықаралық ұйымының Бас хатшысы

Құлбайынбетов
Жарқынбек (Түркістан қаласы)

-

Түркістан қаласының Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Ордабаев
Алмас Баймұханұлы (Алматы қаласы)

-

Қазақстан Республикасының Құрметті сәулетшісі, сәулет профессоры

Байтанаев
Бауыржан Әбішұлы

-

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры (Алматы қаласы)

Смағұлов
Ерболат Әкежанұлы (Алматы қаласы)

-

тарих ғылымдарының кандидаты, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері (Алматы қаласы), Институттың Ғылыми кеңесінің, Далалық комитетінің мүшесі, Орталық Азия археология және мәдениет тарихы саласындағы маман

Тұяқбаева
Баян Тұматайқызы (Алматы қаласы)

-

Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген сәулетшісі, Шығыс елдерінің Халықаралық сәулет академиясының корреспондент-мүшесі, сәулет кандидаты

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 23 шілдедегі
№ 86-ө өкімімен
бекітілген

Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспарды әзірлеуге конкурс ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспарды әзірлеуге конкурс ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) конкурс өткізу және оның жеңімпазын айқындау мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

2. Комиссияның міндеттері

      4. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспардың тұжырымдамасын әзірлеуге конкурстың шарттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      2) Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспардың тұжырымдамасын әзірлеуге арналған конкурстық ұсыныстарды қарау;

      3) Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспардың тұжырымдамасын әзірлеуге арналған конкурсқа қатысушылардың ішінен жеңімпазды анықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі

      5. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады