1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы (келісім бойынша):
1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілер қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 1 тамыздағы № 95-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындауға жауапты, мемлекет тік орган | Орындалу мерзімі | Құқықтық актіні сапалы және уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ОСК | 2018 жылғы тамыз | З.Х. Баймолдина |
2. | Орталық сайлау комиссиясының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы | ОСК | 2018 жылғы тамыз | З.Х. Баймолдина |
3. | Президентті, Мәжіліс депутаттарын сайлауда дауыс беруге арналған бюллетеннің нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы | ОСК | 2018 жылғы тамыз | К.В. Петров |
4. | Кандидатура алып тасталған, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күші жойылған, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған кезде сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы | ОСК | 2018 жылғы тамыз | К.В. Петров |
5. | "Сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың және партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы мен Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауы кезінде оны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық қамтамасыз етудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/178 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы | ОСК | 2018 жылғы тамыз | С.С. Мұстафина |
6. | "Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 23 қазандағы № 21/183 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы | ОСК | 2018 жылғы тамыз | Л.Ж. Сүлеймен |
7. | "Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 21 қарашадағы № 62/108 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы | ОСК | 2018 жылғы тамыз | К.В. Петров |
8. | Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы | ОСК | 2018 жылғы тамыз | К.В. Петров |
9. | Бұқаралық ақпарат құралдарына шығу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы | ОСК | 2018 жылғы тамыз | С.С. Мұстафина |
10. | Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы | ОСК | 2018 жылғы тамыз | С.С. Мұстафина |
11. | Республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен мерзімді баспасөз басылымдары сайлау комиссияларының хабарларын орналастыру қағидаларын бекіту туралы. | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы | ОСК | 2018 жылғы тамыз | С.С. Мұстафина |
12. | "Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы | ОСК | 2018 жылғы тамыз | С.С. Мұстафина |
13. | Аумақтық сайлау комиссиялары жасайтын бюджеттік өтінімдерді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына ұсыну қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы | ОСК | 2018 жылғы тамыз | С.С. Мұстафина |
14. | Сайлаушылар және сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді салыстырып тексеру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы | ОСК | 2018 жылғы тамыз | К.В. Петров |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ОСК - Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы