Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 23 қазандағы № 21/183 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 21 қарашада № 8089 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Қ. Тұрғанқұлов
      Хатшы Б. Мелдешов

  Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2012 жылғы 23 қазандағы
№ 21/183 қаулысымен бекітілген

Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулық

      Ескерту. Нұсқаулық жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 25.08.2018 № 12/199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулық "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының (бұдан әрі - Конституциялық заң) 12-бабының 16-8) тармақшасына және 39-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайларды, дауыс беру пунктін жарақтандыруды нақтылайды.

2-тарау. Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру

      2. Сайлау учаскесі, дауыс беру пункті орналасатын ғимаратта сайлау учаскесінің нөмірі көрсетілген дауыс беруге арналған үй-жайдың орналасқан жерінің көрсеткіштері ілінеді.

      Егер бір ғимаратта бірнеше сайлау учаскесі орналасқан болса, барлық сайлау учаскелерінің нөмірлері көрсетілген көрсеткіштер ілінеді.

      3. Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) арнайы бөлінген көрнекті орында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылады, оның сол жағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы тігіледі.

      4. Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) орнатылады:

      1) үстелмен немесе тұғырлықпен, қаламдармен жабдықталған жасырын дауыс беруге арналған кабиналар;

      2) тұрақты сайлау жәшігі (үй-жайда (пунктте) дауыс беруге арналған);

      3) тасымалдау үшін тұтқалары бар тасымалданатын(екі дана) сайлау жәшіктері (үй-жайдан тыс дауыс беруге арналған);

      4) телефон аппараты;

      5) үстел шамы, сағат;

      6) сейф немесе металл шкаф;

      7) калькулятор;

      8) көшіру аппараты;

      9) сайлау комиссиясының мүшелері үшін үстел мен орындықтар;

      10) байқаушылар, сенім білдірілген адамдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін орындықтар;

      11) кемінде екі компьютер (оперативтік жады кемінде 2 Гб процессор, офистік, антивирустық бағдарламалар менpdf форматында құжаттарды оқу және басып шығару үшін бағдарламалар орнатылған дербес компьютерлер мен жұмыс станцияларына арналған операциялық жүйе, олардың біреуі мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға арналған.

      5. Тұрақты сайлау жәшігі қалыңдығы 0,5 сантиметрден кем емес, биіктігі 90 сантиметр, ені 50х50 сантиметр мөлдір материалдан (оргшыныдан) жасалғанжәшікті білдіреді, жоғарғы қақпағында (ортасында) ұзындығы 15 сантиметр, ені 0,5 сантиметр дауыс беруге арналған бюллетеньдерді салуғаарналған ойығы бар, мөр басуға немесе пломба салуға арналған құрылғылары баржәшік пен қақпақ.

      Тасымалдау үшін тұтқалары бар тасымалданатын сайлау жәшігі қалыңдығы 0,5 сантиметрден кем емес, биіктігі 40 сантиметр, ені 30х30 сантиметр мөлдір материалдан (оргшыныдан)жасалған жәшікті білдіреді, жоғарғы қақпағында (ортасында) ұзындығы 15 сантиметр, ені 0,5 сантиметр дауыс беруге арналған бюллетеньдерді салуғаарналған ойығы бар, мөр басуға немесе пломба салуға арналған құрылғылары баржәшік пен қақпақ.

      Сайлау жәшіктерінің бет жағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының диаметрі 23 сантиметр бейнесі орналастырылады.

      6. Сайлаушылар үшін қолжетімділікпен қолайлылықты ескере отырып, мынадай ақпаратты қамтитын ақпараттық стендтер орналастырылады:

      сайлау комиссиясының құрамы;

      жоғары тұрған сайлау комиссияларының, соттардың, прокуратура органдарының, құқық қорғау органдарының мекенжайлары мен телефондарының нөмірлері;

      дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің үлгілері;

      кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы Конституциялық заңның 28-бабы 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мәліметтердің стандартты жиынтығынан тұратын бірыңғай форматтағы ақпарат;

      тиісті сайлау комиссиясы Конституциялық заңның 39-бабы 2-тармағына сәйкес белгілеген дауыс беруге арналған үй-жайдағы (пункттегі) тәртіп ережелері;

      сайлау комиссиясының дауыс беру нәтижелері туралы хаттамасының көшірмесі (қорытындылары шығарылғаннан кейін).

      7. Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) сайлау бюллетеньдерін беретін орындар белгіленіп, жасырын дауыс беруге арналған кабиналар дауыс беруге арналған тұрақты жәшік, дауыс беретін адамдар жәшікке жасырын дауыс беруге арналған кабиналар арқылы өтіп келетіндей, сондай-ақ сайлау комиссиясының мүшелері, байқаушылар, сенім білдірген адамдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сайлау жәшігін, жасырын дауыс беруге арналған кабиналарға кіруді және шығуды байқау мүмкіндігін қамтамасыз ете алатындай етіп қойылады.

      Дауыс беруге арналған үй-жайларда (пункттерде) сайлау құжаттамасының, жабдықтардың және өзге де материалдардың сақталуы қамтамасыз етіледі.

      8. Сайлау комиссияларының мүшелері орналасатын жерлерде "Төраға", "Төрағаның орынбасары", "Хатшы" жазулары, сондай-ақ әліпби әріптері немесе көшелердің атаулары және үйлердің нөмірлері бар көрсеткіштер, мәслихаттардың атаулары (Парламент Сенатының депутаттарын сайлау кезінде) орналастырылады.

      9. Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) сондай-ақ:

      1) сайлау комиссиясының мөрі;

      2) кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеу журналы, байқаушыларды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тіркеу журналы;

      3) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы, сондай-ақ өзге де ақпараттық-әдістемелік материалдар;

      4) дауыс беруге арналған жәшіктерге, сайлау құжаттамасына мөр басуға немесе пломба салуға арналған құралдар, пломбалар;

      5) кеңселік керек-жарақтар (пакеттер, конверттер, қаптар, кеңселік желім, қайшы, буып-түюге арналған қағаз, жазуға арналған қағаз, сызғыштар, көк сиялы қаламдар, карындаштар, шпагат, қағаз тескіш құрал, степлер, антистеплер, степлердің тоғындары және өзге де керек-жарақтар) орналасады.

3-тарау. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру ерекшеліктері

      10. Дауыс беруге арналған үй-жайлар (пункттер) орналасатын ғимаратқа кіреберісте тұтқалар, төсеніштер, пандустар, сондай-ақ басқа да қажетті құрылғылар (уақытша рұқсат етіледі) көзделуі қажет.

      11. Дауыс беруге арналған үй-жайлар (пункттер) мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін барынша қолжетімділікпен қамтамасызетіледі, бірінші қабаттарда орналасуы немесе басқа қабаттарға бару үшін көтеру тетіктері болуы тиіс.

      12. Дауыс беруге арналған үй-жайларда (пункттерде):

      әр түрлі тактильді көрсеткіштер (мүмкіндігінше);

      тірек-қозғалыс аппараты функциялары бұзылған, соның ішінде кресло- арбаларды пайдаланатын сайлаушылардың қолжетімділігі ескерілген, жасырын дауыс беруге арналған кабина(лар);

      мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін төмендегілерді қамтитын арнайы жабдықталған орын (бұрыш) көзделуі қажет:

      1) мониторлы компьютер (диагоналі кемінде 54 сантиметр), онда мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін бейімделген форматта осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген ақпарат орналасуы тиіс;

      2) құлақаспаптар;

      3) Брайль қарпінде орындалған сайлау туралы ақпараты бар арнайы папка;

      4) қосымша жарықтандыру, ұлғайтқыштар.

      13. Жергiлiктi атқарушы органдар мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес дауыс беруге арналған арнайы сайлау учаскелерiн құра алады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады