"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2017 жылғы 12 маусымдағы № 76-ө өкiмiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетілген өкімге 2-қосымшада:
көрсетілген өкіммен бекітілген Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамында:
"Қазақстан Республикасының Энергетика бірінші вице-министрі" деген жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша) немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісім бойынша)";
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі" деген жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі";
көрсетілген өкіммен бекітілген Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi.".
Премьер-Министр | А. Мамин |