"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 76-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 42-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2017 жылғы 12 маусымдағы № 76-ө өкiмiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

      көрсетілген өкімге 2-қосымшада:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Энергетика бірінші вице-министрі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша) немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісім бойынша)";

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi.".

      Премьер-Министр А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады